Экономика • 03 Шілде, 2021

Бензиннің әлемдік бағасы 11 пайызға арзандады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы әлемдегі бензиннің орташа бағасы литріне 0,81 доллар болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 11 пайызға арзан. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) сарапшылары айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бензиннің әлемдік бағасы 11 пайызға арзандады

ХЭА мәліметі бойынша, бағаның төмендеуі COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылдың бірінші жартысында мұнайдың арзандауына байланысты болған.

2019 жылдан бастап арзан және қымбат баға көшбасшылары өзгерген жоқ. Гонконгта ең қымбат бензин литріне 2,01 долларға сатылды, ал ең арзан бензин Иранда әлі де бар-жоғы 0,32 доллар тұрады.

«Мұндай айырмашылықты түсіндіретін бірнеше фактор бар. Бірақ Иран мұнай экспорттаушы, ал Гонконг импорттаушы, сұраныс пен салық жоғары», деп жазады ХЭА срапшылары.

Жалпы алғанда, бензин бағасы мұнай бағасымен байланысты. Бірақ өңдеу, тасымалдау, маркетинг шығындары, сондай-ақ салықтар бензинді мұнайға қарағанда едәуір қымбаттатады, дейді сарапшылар. Сонымен қатар кейбір елдерде отын бағасын қатаң реттеуге байланысты мұндай корреляция жоқ.

Былтыр Ресейде бензин бағасы орташа деңгейден төмен болған - 0,64 доллар, ал 2019 жылы ол 0,7 доллар болды. Салыстыру үшін: АҚШ-та 2020 жылы бір литр бензин 0,68 доллар, Беларуссияда – 0,72 доллар, ал Украинада - 0,89 доллар болған.

Ең қымбат бензин Батыс және Солтүстік Еуропа елдерінде сатылды: Германияда - 1,48 доллар, Норвегияда - 1,56, Италияда - 1,63 және Финляндияда - 1,71 доллар.