Аймақтар • 13 Шілде, 2021

ШҚО-да әкім сайлауына 235 үміткер ұсынылды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының 77 сайлау округтерінде 239 үміткер ұсынылды. Олардың 87 (36,4%) – саяси партиялармен, 152 (63,6%)- өзін-өзі ұсынғандар, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да әкім сайлауына 235 үміткер ұсынылды

Саяси партиялар 77 сайлау округтері бойынша өз кандидаттарын ұсынды: «Nur Otan» партиясы - 61 кандидат, «Ауыл» ХДСП - 19 кандидат, «Ак Жол» ҚДП - 1 кандидат, «АDAL» СП - 3 кандидат, ҚХП - 2 кандидат, ЖСДП - 1 кандидат.

Ұсынылған 239 кандидаттың 178 (74,5 пайызы) – ер адамдар, 61 (25,5 пайызы) – әйел адамдар. Кандидаттардың орташа жас – 43,7 жас, ең жас кандидат – 26 жаста, жасы ең көбі – 61 жаста.

Ұсынылып отырған 94 кандидат ауылдық округте тұрады. 130 – ауданда, 14 – облыста тұратындар.

3 кандидат өз кандидатураларын кері қайтару бойынша өтініш білдірді. 1 кандидат «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес өткен жоқ.

«Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестіктерін анықтау және тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады», дейді Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев.

9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде 3 кандидат ұсынылды. 12 шілдедегі жағдай бойынша 233 кандидат (99,1%) тіркелген.