Аймақтар • 20 Шілде, 2021

Алакөл жағалауында 700-ден астам бұзушылық анықталды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаз мезгілінде Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы Алакөл көлінің жағалауына демалушылар жиналып, 700-ден астам бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алакөл жағалауында 700-ден астам бұзушылық анықталды

ШҚО полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың күшейтілген режимін ұйымдастырды.

Осы мақсатта 13 патрульдеу бағыты, оның ішінде 11 жаяу және екі автомобиль патрулі әзірленді. Жағалауда бес стационарлық бекет жұмыс істейді.

Жазғы маусымның ашылу кезеңінде 15 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін полиция қызметкерлері 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде:

- 70 алкогольдік ішімдіктер ішу және мас күйінде болу фактілері;

- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын – сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуының 37 фактісі;

- Тыныштықты бұзудың 3 фактісі;

- Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзудың 12 фактісі;

- Жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігін бұзудың 526 фактісі;

- Қоршаған ортаны қорғау бойынша 36 факті (ортақ су пайдалану ережелерін бұзу, тыйым салынған жерлерде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу).