Президент • 09 Тамыз, 2021

Токио Олимпиадасынан дұрыс сабақ алу керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

2360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио Олимпиадасынан дұрыс сабақ алу керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Токиодағы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 93 спортшы қатысты. Жеңіске деген ерік-жігер мен шеберлікті көрсеткен спортшыларға алғыс айтамын. Олимпиаданың қола жүлдегерлерін құттықтаймын, бұл олардың көп күндік қажырлы жаттығуларының әсерлі нәтижесі», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Сондай-ақ, Президент ұлттық команданың қорытынды нәтижесі – 8 қола медаль және жалпы командалық есепте 83-ші орын - Қазақстанның спорттық әлеуетіне және мемлекет спортты дамытуға қосқан қомақты қаражатына сәйкес келмейтінін қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде өтетін келесі ойындарда азаматтарымыздың үмітін ақтайтын нәтижелерді көрсету үшін Токио Олимпиадасынан дұрыс сабақ алу қажеттігін атап өтті.

«Ұлттық құраманың Олимпиадада өнер көрсетуі спорт сияқты маңызды саладағы шұғыл, тиімді реформалардың пайдасын көрсетеді. Бұқаралық және балалар спортын дамытуға назар аударып, осы негізде әлемдік аренада көрнекті табыстарға жетуге ұмтылу керек», деп түйіндеді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03