Медицина • 12 Тамыз, 2021

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгіледі

790 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚH Денсаулық сақтау министрінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы»  2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығы шықты, деп жазады Egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгіледі

Министр «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 245-бабының 3-тармағына сәйкес төмендегідей бұйрық шығарды:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына шекті бағалар;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағалар бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дәрі-дәрмектің шектік бағасымен мына жерден танысуға болады.