Сарқан ауданында табиғаттың ерекше сыйы – қойтастар көптеп кездеседі. Әртүрлі пішіндерімен ерекшеленіп тұратын тастарға көз тастап қарар болсаң, кең жайлаудың етегінде жайылып жүрген отарлы қой тәрізді сурет түзіледі. Сондықтан бұл тастарды сарқандықтар «Қойтас» атап кеткен. Мұндай қойтастарды Жетісу өлкесінде, тек саялы Сарқанда ғана кездестіруге болады.

Енді осы Сарқан ауданында қойтас арасында жайғасқан ерекше саябақ ашылмақ. Аумағы 6 гектарды құрайтын саябақта жаяу жүргіншілер жолы, заманауи футбол, скейдборд, стрит воркаут және балалар алаңдары болмақ. Сондай-ақ күркелер, орындықтар және түрлі жарық шамдар бой көтермек.
– Қойтас саябағын салу екі кезеңмен жүзеге асырылады. Биыл жол, арық, жарық жүйелерін ретке келтіретін болсақ, содан кейінгі жұмыстар, ол әрине көшеттер отырғызу, тас арасына қосымша демалыс орындарын жасау. Сонымен қатар болашақта саябақ ортасында орналасқан жасанды көлшікті жаңа қалыпқа келтіріп, арнайы жаз айларында суға шомылу орнын ашуды қолға аламыз, – дейді Сарқан қаласының әкімі Амантай Мұқанов.
Қайта жандандыру жұмыстарын мамыр айында бастаған «Хан Тенгри» серіктестігі аталған демалыс орнын қазан айында ел игілігіне ұсынбақ. Қазір құрылыс аумағында жиырма беске жуық қала тұрғыны маусымдық жұмыспен қамтылған. Солардың бірі 18 жастағы Нұркен Ержанұлы.
– Біздер үшін жасалынып жатқан саябақтың бір тасын болсын қалап жатқаныма қуанамын. Саябақ ашылған соң осы жерде спортпен айналысып, бос уақытымызды достарымызбен өткізетін орынға айналады деп сенемін, – дейді жас құрылысшы.
Сонымен қатар саябақты ретке келтіру кезінде құлауға аз қалған ескі аспалы көпір де қайта жасалып жатыр екен. Бұған Сарқан қаласының тұрғындары дән риза. Айтпақшы, Қойтас саябағы құрылысының бірінші кезеңіне жергілікті бюджеттен 62 млн теңге қаражат бөлінген.
Павлодарда есірткі саудалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өткен тәулікте елімізде 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:06
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 09:55
Ташкентте қазақстандық университеттердің филиалы ашылады
Қазақстан • Бүгін, 09:51
Коронавирус жұқтырған 10 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:42
Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде жүлделі болды
Өнер • Бүгін, 09:27
Brent маркалы мұнай бағасы өсті
Экономика • Бүгін, 09:19
Лай көшкіні балдырған қыздың өмірін қиып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Аймақтар • Бүгін, 09:15
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 09:13
Нибали үздіктер қатарынан көрінді
Спорт • Бүгін, 09:10
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Турнирдің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:07
Хоккей • Бүгін, 09:05
«Астана опера» – әлем назарында
Театр • Бүгін, 09:00
Ербол Шаймерденов атындағы шәкіртақы берілді
Білім • Бүгін, 08:57
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қазақстан • Бүгін, 08:52
Білім • Бүгін, 08:50
Ғалымдар мұғалімдерге кеңес берді
Ғылым • Бүгін, 08:48
Семіздіктің бала болашағына зардабы көп
Қоғам • Бүгін, 08:45
Медицина • Бүгін, 08:43
Неонаталды хирургия: Ұлт мүддесі – ұрпақ саулығы
Медицина • Бүгін, 08:39
Ел дамуының болашағына арналды
Қазақстан • Бүгін, 08:36
Азаматтар құқықтарын қорғау күшейтіледі
Қазақстан • Бүгін, 08:33
БҰҰ өкілімен алдағы референдумды талқылады
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Түзетулерді қарапайым тілмен жеткізу қажет
Референдум-2022 • Бүгін, 08:27
Көрші елдермен тату болу маңызды
Пікір • Бүгін, 08:24
Пікір • Бүгін, 08:20
Ауғанстандағы тұрақсыздық алаңдатады
Пікір • Бүгін, 08:15
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Ұқсас жаңалықтар