Кәсіпорындағы металл құрылғылары өндірісінің жетекшісі Ұлан Әбеков бұл муралдардың философиялық терең мәнге ие екендігін және олардың зауыттың 80 жылдық мерейтойына арналғанын атап өтті.
Оның айтуынша, қазақ металлургиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың жарқын бейнесі жөндеу шеберханаларынан бастап күрделі құю және машина жасау өндірісіне дейінгі зауыттың жүріп өткен жолынан образды түрде сыр шертеді. Ал Илон Маск болса, қиял-ғажайып болашақтың символы, кәсіпорын оның соны идеялары мен игі істеріне қарап бағыт-бағдар алады.
– Қаныш Сәтбаев – қазақ халқының нағыз патриоты. Ұлтын сүйген ұлы адамның муралы бізді рухтандырады. Әйгілі ғалымның жүріп өткен өмір жолы біз үшін, ұрпақ үшін мәңгі үлгі. Ал муралдың екінші кейіпкері – Илон Маск армандарды шындыққа айналдырып, болашақты жақындата алатын сирек адамдардың қатарына жатады. Ол – біздің кәсіпорын ұмтылатын прогрестің тірі бейнесі, – дейді Ұлан Әбеков. Суретші Шыңғыс Қасымов пен оның командасы муралдарды екі апта уақыттың ішінде салып шықты.
ҚАРАҒАНДЫ