Ауыз су әлемдік мәселеге айналып тұрған кезде тұщы су көзі қат Маңғыстаудағы ахуал айтпаса да түсінікті. Су жетіспеушілігі тұрғындардың жиі көтеретін негізгі талаптарының бірі. Осы орайда Маңғыстау облысы әкімінің баспаөз қызметі өңірде ауыз су мәселесін шешу үшін жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Өңірді ауыз сумен қамту мақсатында былтыр 5 жылға арналған жоспар жасалып, облыстағы су мәселесі жан-жақты зерделеніп, тіршілік нәрінің тапшылығын жою жолдары жоспарланған. Сол жоспар бойынша биыл бірқатар жоба іске қосылады.
Біріншісі – Ақтау қаласы және оған іргелес орналасқан Мұнайлы, Қарақия аудандарының ауылдарын ауыз сумен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын екі есе, яғни 40 мың текше метрге дейін ұлғайту көзделген еді. Қазір жұмыс өз деңгейінде жүргізілуде. Республикалық бюджеттен 2021 жылға дейін 1,0 млрд теңге бөлініп, толықтай игерілді. Биыл аталған жұмыстарды жалғастыруға тағы да 6,7 млрд теңге бөлініп, тамыз айында жергілікті бюджетке тиісті қаражат толықтай түсті. Жобаны 2022 жылдың басында аяқтау жоспарланған. Екіншісі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Қаражанбас» кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұшытатын зауыт салып жатыр. Бұл зауыт биыл жыл соңына іске қосылады деп күтілуде. Өндірістен ауысқан су тұрғындардың қажетіне алынатын болады. Сондай-ақ «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не қарасты тәулігіне 24 мың текше метр су тұшытатын қондырғы салу жоспарланған. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Құжат толық ресімделіп біткеннен кейін, жобаны келер жылы бастау көзделген. Бұл жобаларды Форт-Шевченко қаласында қуаты тәулігіне 5 мың текше метрді құрайтын су тұшыту қондырғысын NKOK компаниясы облыс үшін әлеуметтік қолдау аясында іске асыруды жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес, дәл осындай жоба Ақшұқыр және Сайын Шапағатов елді мекендерінде де салынады. Ал Ақшұқыр ауылында теңіз жағалауында 8 құдық іске қосылды. Бұл құдықтар бұдан бұрын негізі қаланып, іске қосуға дайын болғанымен, әртүрлі себептермен өз жұмысын тоқтатып келген болатын. Сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тарапынан құны 87 млрд теңге болатын Кендірлі аймағынан тәулігіне 50 мың текше метр су тұшытатын зауыттың құрылысы басталады. Бұл жоба Жаңаөзен қаласы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтитын болады. Аталған жұмысты іске асыратын жаңа мекеме – «ҚМГ – Ақсу» ЖШС құрылып, бастапқы қаржы бөлініп, құжаттары ресімделуде екен.
Тұрғындар саны жылдан-жылға арту үстіндегі өңірде су тапшылығын болдырмау мақсатында Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылында өткен айда тәулігіне 3 мың текше метр су тұшытатын мембрана іске қосылған. Бұдан бөлек, Баянды ауылында қазір тәулігіне 1 мың текше метрге дейін су тұшытатын мембрана жұмыс істеп тұр. Ақпан айының басында іске қосылған бұл мембрана «Құйылыс» жерасты су кен орнынан келген суды тұшытып, Баянды ауылын толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.
– Сонымен қатар «Құйылыс – Мұнайлы – Ақтау» бағытында жаңа су құбыры тартылады. Өңірдегі су көздерін іздестіру-зерттеу жұмыстары қолға алынды. Бұл алдағы жылдары облыс жұртшылығын сумен қамту үшін нақты шаралар қабылдауға мүмкіндік береді деп күтілуде. Аталған жобалар іске қосылғанда, жаз айында болатын су тапшылығын жойып, тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтуға қол жеткіземіз, – деді облыстық энергетика және ТҚШ басқармасының басшысы Б.Қартбаев.
Маңғыстау облысы
Жолаушылар тасымалы: Баға жоғары, сапа төмен
Қоғам • Бүгін, 20:46
Әлем • Бүгін, 20:44
Сайлауды ҚХР мен Аустралия бақылайды
Әлем • Бүгін, 20:43
Әлем • Бүгін, 20:41
Жаңарған Конституция: Не? Қашан? Қалай?
Қазақстан • Бүгін, 20:40
Жаңа саяси мәдениетті құрудағы маңызды қадам
Қазақстан • Бүгін, 20:37
Зауыттың мәселесі «вагон-вагон»...
Аймақтар • Бүгін, 20:35
Делдал компаниялар: Экономиканың досы ма, қасы ма?
Экономика • Бүгін, 20:34
Еркін Тұқымов: Әлемде жас ғалымдар үшін күрес жүріп жатыр
Сұхбат • Бүгін, 20:32
Мүгедектігі бар жеті мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 20:31
Киберқылмыспен киберзаңгер күресуге тиіс
Қоғам • Бүгін, 20:28
Аймақтар • Бүгін, 20:27
Шымкент бюджеті 4 жылда 4 есе өсті
Аймақтар • Бүгін, 20:25
Тарих • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:22
Санадағы сілкініс немесе күрескердің қалыптасуы
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 20:18
Мемлекеттік қызметті басқарудағы цифрлы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 20:17
Мобильді интернетті тұтынатындар көбейді
Қоғам • Бүгін, 20:16
Теннисшілер «Президент кубогында» бақ сынайды
Теннис • Бүгін, 20:15
Тұманды Альбионда топ жарған команда
Аймақтар • Бүгін, 20:14
Руханият • Бүгін, 20:00
13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:55
СҚО-да балық аулау тәртібін бұзғандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 18:10
ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:28
Алматыда 36 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:40
Техас штатында атыс болып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:55
3 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:15
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Ұқсас жаңалықтар