Президент • 02 Қыркүйек, 2021

Алдымызда жаңа міндеттер күтіп тұр

109 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы Парламент сессиясының жаңа маусымының ашылуында жариялануы дәстүрге айналып отыр.

Алдымызда жаңа міндеттер күтіп тұр

Бұл өз кезегінде жаңа саяси маусымды жаңа міндеттер күтіп тұрғандығын, олардың жүзеге асырылуына биліктің барлық тармағы жауапты екендігін аңғарта­ды және халықтың орталық мемле­кет­тік органдардың жұмысын баға­лауы көп жағдайда Жолдауда қойыл­ған тапсырмалардың тиісті деңгейде орындалуымен тікелей байланысты.

Биылғы Жолдаудың басты өзегі был­тыр­ғы жылдан өршуін тоқтат­пай тұрған пан­демиядан кейінгі эконо­микалық да­му, ха­лықтың әл-ауқатын әрі қарай да жақ­сар­туға байланысты, жаңа жағдайдағы Қа­зақ­станның іс-қи­мыл­дарына жан-жақ­ты көңіл бөлініп, дамудың бір-бірімен тығыз бай­ланыс­тағы басым бағыттары ұсынылды.

Мемлекет басшысы еліміздің страте­гиялық мақсаты ретінде Орталық Азия аймағындағы көшбасшы рөлін нығай­ту, әлемдік экономикада өз орнын айқын бекіту деп атап өтуі осы бағыт­тағы тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктерді одан әрі жетілдіру, қазіргі жаһандық саясатта қалыптасқан ахуалға уақтылы, жедел және кәсіби түрде тойтарыс беру қажет екендігін көрсетеді.

«Ауғанстандағы жағдай, жаһандық шиеленістің артуы қорғаныс-өнер­кәсіптік кешен мен әскери доктринаны қайта жүктеу міндетін қойды. Қорғаныс қабілетін нығайту, тиімділікті арттыру, қатерлерге қарсы әрекет ету де мемлекеттік маңызы бар басымдықтарға айналуға тиіс», деді Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында. Осыған дейінгі Әскери доктрина 2017 жылы бекітілген болатын.

Ауғанстандағы қазіргі ахуал жалпы әлем­нің, соның ішінде қазақстандық қоғам­ның да алаңдаушылығын тудыруда. Бұл елде бей­бітшілік пен тұрақтылықтың орнауы­­на Орталық Азия аймағы елдері мүдделі. Айта кетерлігі, болып жатқан оқиға­лар Қазақ­станға тікелей қауіп төндір­мейді, бірақ, әрине, олар белгілі бір тәуекел­дерді тудырады.

Бұл өз кезегінде еліміздегі жағдайдың күрделі сипатта өрбуіне дайын болуын талап етеді, Қазақстанның және аймақ­тың қауіпсіздігіне сыртқы сын-қатер­лерді модельдеудің өзектілігін бай­қатады. Қорғаныс саласында олқы­лық­тардың бар екендігін таяу арадағы Жамбыл облысында болған оқиға да айқын көрсетті. 

 

Әсел НАЗАРБЕТОВА,

Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы