Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин IT-мамандарды даярлау жұмысына тоқталды.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, «отандық IT-секторды дамыту және нығайту маңызды. Елге жас, білімді, ынталы мамандар қажет. Бүгінде елімізде IT-секторында кадрлардың айтарлықтай жоғары тапшылығы қалыптасты. Бұл экономикалық бәсекеге қабілеттілікке қолжеткізуге мүмкіндік бермейді», дейді Б.Мусин.
Осы орайда ведомство басшысы ел Президентінің 100 мың жоғары білікті IT-маманды даярлау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында орындалатын іс-шараларға тоқталды.
Біріншіден, жыл сайын жеке IT-мектептерде оқыту үшін IT-ваучерлер берілетін болады. Осылайша, жеке ақпараттық технологиялар мектептері нарығына қолдау жасалып, 2025 жылға дейін 20 мың IT-ваучер беріледі. Бұл шара барлық ниет білдірушілерге нарықта құрылатын жоғары дәрежелі IT-мектептерінде IT-мамандарын қайта оқытуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп IT-мамандықтары бойынша бағдарламаларды өзгертуге дайындық жүргізілуде.
Үшіншіден, университеттермен ақпараттық технологиялар дағдылары бар салалық мамандарды даярлау мақсатында IT-мамандықтарды бейінді өндірістермен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Мемлекет басшысы белгілеген екінші бағыт – ұлттық компаниялардың IT-нарығымен тығыз өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Бұл үшін отандық бағдарламалық қамтылым тізілімі әзірленіп қойылған. Осы тізілім арқылы өнімдерді бір көзден сатып алу қарастырылған. Бұдан басқа бүгінде IT-нарығы мен ұлттық компаниялар арасында коллаборацияны қамтамасыз етуге арналған SIMP платформасы жұмыс істейді. Ұлттық компанияларды осы платформаға пайдалануға тартатын боламыз. Сонымен қатар IT-нарығын дамыту мақсатында 20 млн доллар сомасында венчурлық ерте қаржыландыру қорын құру пысықталып жатыр. Мұның барлығы бізге, Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, 2025 жылға қарай IT-қызметтері мен өнімдері экспортының көлемін кемінде 500 млн долларға арттыру бойынша алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді», деді министр.
«Егемен-ақпарат»
Қазақстанда медициналық пойыздар қайта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 11:48
Атырауда жазғы лагерьге өтініштер Egov порталы арқылы қабылданады
Аймақтар • Бүгін, 11:39
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:35
Ресей банктерінің қазақстандық бөлімшелерінде 9,2 млрд теңге бұғатталған
Қоғам • Бүгін, 11:21
Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден үздік ондыққа енді
Спорт • Бүгін, 11:14
Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Түркістанда дәрілік шөп қазған 23 шетелдік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Бельгияда маймылшешек ауруына байланысты карантин енгізілді
Әлем • Бүгін, 10:48
Қырғызстан мен Өзбекстанда қар жауды
Әлем • Бүгін, 10:30
Алимент төлемеген әке көлігінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 10:17
«Рухани қазына – 2022» фестивалі аяқталды
Қазақстан • Бүгін, 10:14
Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс жүлде алды
Руханият • Бүгін, 10:00
Алматы облысында жауын салдарынан көшелерді су басты
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Коронавирус жұқтырған 7 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:47
Арнайы комиссия Шымкенттегі жарылыстың шығынын есептеп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қаржы • Бүгін, 09:32
Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Маймылшешек ауруы әлемнің 14 еліне тарады
Әлем • Бүгін, 09:06
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:34
Хоккей • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Басты мақсат – қоғам дертінен арылу
Экономика • Бүгін, 08:23
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімінің аяқталатындығы туралы
Қазақстан • Бүгін, 08:20
Пікір • Бүгін, 08:18
Пікір • Бүгін, 08:15
Пікір • Бүгін, 08:12
Шешілуі керек төрт түйткіл бар
Пікір • Бүгін, 08:10
Өңіраралық көшпелі кездесу өтті
Референдум-2022 • Бүгін, 08:05
Референдум-2022 • Бүгін, 08:02
Референдум ешкімнің өмірін айналып өтпейді
Референдум-2022 • Бүгін, 08:00
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Кеше
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Кеше
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Кеше
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Кеше
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар