Президент • 06 Қыркүйек, 2021

Білікті маман даярлаудағы бірегей бағыт

328 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргі таңдағы жаһандану мен индустрияландыру жағдайында экономиканың барлық саласы үшін кадр даярлау мәселелерін жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатындағы өзекті міндеттердің бірі. Барлық дамыған елде өндіріс пен бизнес үшін кадрлардың негізгі провайдері – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі (ТжКБ). Сондықтан ТжКБ ұйымдарына халықаралық қауымдастықтың тарапынан, оның ішінде ЮНЕСКО-ның шеңберінде баса назар аударылуда.

Білікті маман даярлаудағы бірегей бағыт

Осыған орай еліміз әлемнің дамыған ел­дері­нің элиталық клубына кіруі үшін адами капи­­талдың өсуі мен бәсекеге қабілеттілігі бо­­­йынша бірқатар мәселені шешу қажет. Осы ретте техникалық және кәсіптік білім бе­ру жүйесін әлеуметтік және экономикалық драй­­вердің негізі ретінде қарастыруға болады.

Әрине, бұл бағыттағы отандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі кадр­лар даярлауда айтарлықтай жетістіктер де бар. Дегенмен де кадрлар даярлау жүйесін халықаралық талаптармен үндестіру үшін әлі де тиісті жұмыстар атқаруымыз керек, оның ішінде цифрландыруға да айрықша назар аудару маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Цифрландыру жобасы аясында 100 мың білікті IT-маманын даяр­лау керек жөнінде тапсырма берілді», деп цифрландырудың еңбек нарығындағы рөлін зерделеп айтты.

Техникалық және кәсіптік білім беру мен оқытуды жаңғырту процесі цифрлы эко­номика мен цифрлы қоғамға көшудің жаһан­дық процестерінен де туындауда. «Жас маман» жобасы аясында «қондырғылар паркі» жаңартылып жатқан 180 колледжді жабдықтау еңбек нарығының сұранысына сай, сондай-ақ ақпа­раттық жүйелерге, автоматтандыруға және цифр­лыққа бағытталуда. Өйткені әлем­­дік экономикадағы, қоғамдағы үздіксіз өзге­ріс­­тер жағдайында кадрлар даярлау жүйе­­сін үнемі жаңғыртып отыру қажет, дәстүр­лі фор­маттар ескіруде. Өз кезегінде өндіріст­ің транс­формациясы кадрлардың кәсіби дағд­ылары­ның өзекті болуын, заманауи құрыл­ғылар­да жұмыс істей алуын үнемі қажет етіп тұрады.

«Talap» коммерциялық емес акционер­лік қоғамы тарапынан да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Колледждерге академиялық дербестік беру арқылы білім мазмұны еңбек нарығының сұранысына сай өзгере­тінін ескерсек, біздің тарапымыздан білім бағдарламаларын реестрге (электронды) орналасуы қадағаланады.

Қашықтан оқыту форматына көшуге байланысты ТжКБ педагогтері көптеген қиындыққа тап болды. Сол себепті педагогтерге IT-бағыт бойынша жаппай оқыту ұйымдастырылды, 30 мыңға жуық педагог біліктілігін арттырды. Қазіргі таңда колледж педагогтері біздің сайт арқылы онлайн режімде курстан өтуде.

Сондай-ақ Talap сайтында ТжКБ маман­дықтары бойынша бейнесабақтар, электронды оқулықтар мен қосымша материалдар берілген. Қазіргі уақытта каталогта 24 100 цифрлы ресурс бойынша сілтемелер ұсынылған, олардың ішінде: 13 757-сі – бейнесабақ, 4 005-і – электронды оқулық, 6 338-і – қосымша материалдар. Біздің сайттан жүктеп алуға болады. Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру мен дәріптеуге бағытталған WorldSkills Kazakhstan қозғалысының аясындағы чем­пионаттарда да IT-бағыттағы құзыреттілік­тер бойынша сайыстар өткізудеміз. Жалпы, кадр даярлауды жақсарту бойынша, оның ішінде IT құзыреттіліктердің дамуы бойынша жұмыстарды жалғастырамыз.

 

Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы президенті