2021 жыл. Маусым айы. «Берлин-Карлхост» музейі. Гитлерлік Германияның Кеңес Одағына қарсы соғыс бастағанына 80 жыл өткенде Герман Федеративті Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штанмайер бұрынғы кеңестер құрамында болған, қазіргі тәуелсіз мемлекеттердің дипломаттары алдында қасап қырғын жасап, миллиондаған адамның ғұмырын қиып, тұтқынға түсудің азабын өткеріп, жетімдік пен жесірліктің тауқыметін тартқызған алдыңғы ұрпақтың күнәсі үшін кешірім сұрады.

«Немістердің Кеңес Одағына соғысы жауыздықпен кісі өлтіру болды. Бізге қанша ауыр тисе де мұны ұмытпауға тиіспіз. Қылмыстан құрылған жаулап алу соғысын вермахтың әскери тұлғалары жүргізді. Бұл ауыр қылмыста немістің қарапайым жауынгерінің де күнәсі бар. Мұны түсіну үшін бізге, немістерге көп уақыт керек болды. Фашистердің «Ост» және «Аштық» немесе «Бакке» жоспарларындағы адамдарды аяусыз қыруды принцип дәрежесіне көтерген әскер қанауды, аштықпен азаптауды, тұрған жерлерінен күштеп айдауды, құл мен күң етуді, ақырында қырып-жоюды мақсат етті. Кеңес Одағының бүкіл еуропалық аймағы – Украина, Белоруссияның тұтас облыстары жермен-жексен етіліп, келешектегі неміс колонизациясы үшін тазартылуы тиіс-тін. Ал миллиондық қалалар – Санкт-Петербург, Мәскеу, Киев толық жойылуы керек болатын. Қолға түскен тұтқындар адам есебіне жатқызылмады. Олардың адам деп аталуына құқығы болмады. Герман генералитеті болса, Гитлердің вермахты осындай қылмыстарды атқарушы етуіне еш қарсылық білдірмеді.
...Бүгінгі көрмеде бір сурет бар. Былай қарасаң, көкке шаншылған жүздеген ағашты көресің, бірақ бәрі жап-жалаңаш. Не жапырағы, не бұтақтары, не қабығы жоқ. Кеңестік әскери тұтқындар аштан өлмес үшін жалаң саусақтарымен ағаштарды қабығына дейін сыдырып алған», деп Франк-Вальтер Штанмайер соғыс сұмдығын айтты.
Адамзат тарихында миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған соғыс – бір бұл емес. Қаншама ғасыр өтсе де жаңғырығы ұрпақтар жүрегін дір еткізетін қантөгіс – «Крест жорықтары». Орта ғасырларда 300 жылдың ішінде сайланып әлденеше рет жорыққа шыққанда соғыстың құрбандары шамамен 9 миллионға жеткен. Араға ұзын-сонар 10 ғасырға жуық уақыт өткенде ғана Рим Папасы Иоанн Павел II адамзатқа діннің атын жамылып жасаған зұлмат үшін кешірім сұраған. Өмірден озған соң «әулиелер» қатарына жатқызылған Иоанн Павел II-нің бұл католик дініне қатысты алғашқы кешірім сұрауы емес-тін. Ортағасырлық инквизицияның барша құрбандары алдында басын иіп, 350 жылдан соң ғылымның жолында қасқайып тұрып тұжырымынан танбай, өлімді қарсы алған Галилео Галилейді ақтады. 1997 жылы 1572 жылғы протестанттарды қойша қырған Варфоломей түніндегі қасап үшін, ал 2000 жылы католик шіркеулерінің қатысы бар барлық зұлымдық істер үшін тәубеге келген.
Қарапайым көптің бірі емес, ел бастаған серкенің, сөз бастаған көсемнің бұлайша тәубеге келуі – тұтас ұрпақты, әлденеше буынды күнәдан тазартатын, сөйтіп бұлтсыз, жадыраған ертеңге қадам бастыратын, ғибраты ғасырларға жететін өте үлкен дүние. Ұғынбай жүргендерге сабақ, келешекке қолбайлау болатын жамандықтан арылу. Құдайға жағар амал жасау арқылы ұлттың тазаруына, болашағының жарқын болуы мен кемелдікке жетуіндегі кедергілерді жолдан алып тастайтын өте бір сауапты, игілікті қадам. Бірақ адам баласы өкінішсіз бола ма? Тарих бетін ақтарғанда өкінетін тұстар көп. Солардың барлығына кешірім сұралар ма? Франк-Вальтер Штанмайер мен Кароль Юзеф Войтыла сынды тұлғалар қатары көбейер ме екен?
Баспасөз беттерінде, қоғам мүшелері арасында большевиктер мен олардың жалғасы коммунистер жасаған зұлматтары үшін кешірім сұрауы тиіс деген ойлар айтылып жүр. Алайда ондай пейілдің ізі де білінбейді. Нақақтан атылған арыстар, аштықтан қырылған халық киесі қойсын ба, 70 жылдан астам билігін жүргізген, фашистік Германия жеңе алмаған Кеңес Одағы бір оқ шығарылмастан қабырғасы қақырап, өздігінен құлады. Қабірлер үстіне құрылған үкімет ғұмыры ғасырға жете алмады.
«Кімге де өткен сұмдықты еске алу оңай емес. Бірақ оны ұмытқансып, күнәні мойындамаудан ол ешқашан жеңілдемейді. Қайта ол ауырлай түспек», дейді Франк-Вальтер Штанмайер. Өлгендер жасаған күнәлар үшін тәубеге келу – тірінің ісі. Бірақ оны жасауға екінің бірінің өресінің жетуі қайда?..
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар