Технология • 12 Қыркүйек, 2021

Цифрландыру саласындағы ынтымақтастық

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы Мәскеу қаласына жұмыс сапары
аясында «Ресейдің Сбербанкі», Mail.ru және Yandex компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Цифрландыру саласындағы ынтымақтастық

Қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, Қор және портфельдік ком­паниялардың өкілдері «Сбер­Универ­ситет» корпоративтік университетінде Сбер­­банктің бизнес-экожүйелерін қалып­тас­тыру тәжірибесі мен технологиялық ше­шімдерімен танысты. Тараптар қаржылық тех­нологияларды дамыту жолдары мен қар­жы институтының цифрлы өнімдері және инфрақұрылымдық, платформалық қызмет түрлерін талқылады.

Жаһандық трендтер мен болашақ бағ­дарына сай «Самұрық-Қазына» АҚ жеке биз­нес-экожүйелерін қалыптастырып, жаңа, қаржылық емес және денсаулық сақ­тау, энергетика, сумен қамту, робототех­ника және цифрлы қауіпсіздік салаларындағы әлеуметтік маңызы бар қызметтерді дамы­туды қолға алмақ. Mail.ru және Yandex технологиялық компанияларының бас­шы­лығымен келіссөздер барысында тараптар өзара тиімді серіктестік мәсе­лелерін талқылап, мәліметтерді өңдеу орта­лық­тарының инфрақұрылымын, «жасыл экономика» және мәліметтерді сақтау технологияларын дамыту жолдарын пысықтады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша QazCloud ЖШС Mail.ru. Цифрлық технологиялар» компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, қазақстандық компаниялар Mail.ru Cloud Solutions платформасына қол жеткізе алады.

QazCloud ЖШС бас директоры Қасым Есергепов атап өткендей, бүгінгі таңда ашық қоды бар мәліметтерді сақтау платформаларына деген сұраныс арта түскен. Бұл ірі инвестицияларды қажет етпей, цифр­лы жобаларды жылдам жүзеге асы­руға мүмкіндік беретін жаңа қызметтер плат­формаларын (PaaS) қолжетімді етеді.