Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бағыттары белгіленді. Мемлекет басшысы белгілеген бірінші міндет – пандемиядан кейінгі ел экономикасын дамыту. Бұл бағытта өңір экономикасын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыс істеліп, негізінен өңдеу өнеркәсібі, туризм, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен көлік және логистика салаларын дамытуға басымдық берілуде.

2025 жылға қарай облыстағы өңдеу өнеркәсібінің көлемін 254,3 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Көзделген межеге қол жеткізу үшін өңір экономикасына тікелей инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша жұмыстар жанданбақ.
Облысқа инвестор қаржысын тартуда Ақтау арнайы экономикалық аймағының үлесі зор. Арнайы экономикалық аймағы ашылғалы 200 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған. Бүгінде бұл аймақта 19 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Онда 1 800-ге тарта адам еңбек етуде. Алдағы уақытта шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен тағы 14 жоба жүзеге асырылмақ. Оның 5-еуі биыл іске қосылады.
Сондай-ақ Президент Жолдауы Маңғыстауда жаңа кен орындарының ашылуына да тың серпін бермек. Мемлекет басшысы геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеуді тапсырды. Бұл бағытта Өзен, Жетібай, Қаламқас және тағы да басқа кен орындарында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмек. Аталған бастама бүгінде облыста әзірленіп жатқан әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспарына енді. Бұл аймақтағы мұнай қорын анықтауға, мұнай мен газ өндіру көлемін ұлғайтуға және мұнай компанияларына қызмет көрсететін мекемелердің жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік бермек.
Маңғыстаулықтар үшін Жолдауда айтылған тағы бір жаңалық Астрахан-Маңғыстау» магистралды су құбырының жаңғыртылуы.
Елімізде 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Аталған мәселенің алдын алу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауында атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы «Астрахан-Маңғыстау» магистралды су құбырының жаңғыртылатынын және Кендірліде су тұшыту зауытын салу қажеттігін айтты.
Құзырлы орындардың ақпаратына сүйенсек, өңірде қазір бұл зауыттың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Құны 87 млрд теңге болатын жоба тәулігіне 50 мың текше метр су тұшытады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын іске қосылғанда Жаңаөзен қаласы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтып, қаланың тіршілік нәріне деген сұранысын толық өтемек.
Маңғыстаулықтар үшін ауыз су мәселесі өте өзекті, әсіресе жаз айларында су төңірегінен шу кеткен емес. Ақтау қаласы және оған іргелес орналасқан Мұнайлы, Қарақия аудандарының ауылдарын ауыз сумен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын екі есе, яғни 40 мың текше метрге дейін ұлғайту көзделген еді. Қазір осы бағыттағы жұмыс жүргізілуде. Жобаны 2022 жылдың басында аяқтау жоспарланған.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Қаражанбас» кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұшытатын зауыт салуда. Бұл зауыт биыл жыл соңына іске қосылады деп күтілуде. Өндірістен ауысқан су тұрғындардың қажетіне алынатын болады.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не қарасты тәулігіне 24 мың текше метр су тұшытатын қондырғысын салу жоспарланған. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Құжат толық рәсімделіп біткеннен кейін жобаны келер жылы бастау көзделген.
Форт-Шевченко қаласында қуаты тәулігіне 5 мың текше метрді құрайтын су тұшыту қондырғысын NKOK компаниясының облыс үшін әлеуметтік қолдау аясында іске асыру жоспарланып отыр. Дәл осындай жоба Ақшұқыр және Сайын Шапағатов елді мекендерінде де салынады. Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында теңіз жағалауында 8 құдық іске қосылды.
Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылында өткен айда тәулігіне 3 мың текше метр су тұшытатын мембрана іске қосылды. Бұдан бөлек, Баянды ауылында қазір тәулігіне мың текше метрге дейін су тұшытатын мембрана жұмыс істеп тұр. Ақпан айының басында іске қосылған мембрана «Құйылыс» жерасты су кен орнынан келген суды тұшытады. Бүгінде ол Баянды ауылын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.
«Сонымен қатар «Құйылыс – Мұнайлы – Ақтау» бағытында жаңа су құбыры тартылады. Өңірдегі су көздерін іздестіру-зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Жолдауда Мемлекет басшысы халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналатын 5 негізгі бастаманы белгіледі. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейетін болды. Еңбекақының өсуі 19 365 маңғыстаулық тұрғынға оң әсерін тигізбек. Сонымен қатар Маңғыстау облысы бойынша 52 мыңнан астам азаматтық қызметшілердің (мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің) еңбекақысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін 20 пайызға өсетін болды.
Жолдауда зиялы қауым өкілдеріне артылар жүктің зор екені де айтылды. Қазіргі ғаламтор дәуірінде өсіп келе жатқан ұрпаққа мәдениеттілік, отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді дәріптеуде ұлт зиялыларының рөлі зор.
Маңғыстау облысы
Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері қайта жанданады
Қоғам • Бүгін, 21:45
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:22
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия көлік-логистика мәселелерін талқылады
Қазақстан • Бүгін, 21:00
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Бүгін, 20:40
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 20:02
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң жобасы әзірленді
Қазақстан • Бүгін, 19:53
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
Президент • Бүгін, 19:30
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 19:17
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Бүгін, 18:57
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 18:38
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 18:18
«Miras» кеңесінде Ұлттық құрылтайдың міндеті талқыланды
Қоғам • Бүгін, 17:53
Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 17:44
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады
Спорт • Бүгін, 17:37
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Бүгін, 17:22
Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды
Қоғам • Бүгін, 17:10
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 17:01
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 16:45
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Бүгін, 16:36
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қаржы • Бүгін, 16:10
Жамбыл облысы Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:02
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Оқиға • Бүгін, 15:53
Қазақстанда құс еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:43
ҰБТ: 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Білім • Бүгін, 15:37
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша әлемде екінші орында тұр
Қазақстан • Бүгін, 15:08
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:57
Президент: Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет
Президент • Бүгін, 14:50
Ұлыбритания Ресей алтынын импорттаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:44
Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:35
Үйінде есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 14:13
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:43
Ұқсас жаңалықтар