Медицина • 14 Қыркүйек, 2021

МӘМС: медициналық көмек көлемі өсті

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақ­стан­да медициналық көмектің бірқатар бағытының көлемі өсті. Бұл жалғасын та­уып жатқан коронавирус пандемиясы жағдайында да ден­сау­лық сақтау жү­йесінің жұмыс істеуге бейімделгендігін көрсетіп отыр. Ден­сау­лық сақтау ми­нис­трл­ігінің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов осылай деді.

МӘМС: медициналық көмек көлемі өсті

Емханалар деңгейінде көрсетілетін кон­сультациялық-диагностикалық кө­мек­тің көлемі ұлғайды. Консультациялар мен диагностикалық қызметтер саны 2020 жылмен салыстырғанда 31%-ға артты. Барлығы 70 млрд теңге сомасына 41,1 млн қызметтің түрі көрсетілді, бұл 2020 жылдың 1-жарты жылдығына қарағанда 12,7 млн-ға артық болып отыр.

Сонымен қатар МӘМС амбу­ла­ториялық деңгейде дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз ету мөлшерін арттыруға мүмкіндік берді. Науқастардың тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілетін аурулар тізімі 45-тен 138-ге дейін кеңей­тіл­ді.

«Бұл жерде, ақпараттық жүйелерде жан басына шаққандағы нормативпен (МСАК, мектеп медицинасы) қар­жыландырылатын көрсетілген қыз­мет­тер бойынша деректер толық кө­лем­де енгізілмеген. Медициналық ұйым­дар­дың барлығы аталған қызметтер бойынша деректерді толық енгізуі қа­жет», деді Қор басшысы.

Сонымен қатар Б.Төкежанов маман­дандырылған медициналық көмек­ке тоқталды. Мәселен, өткен жарты­жыл­дықта медициналық сақтандыру есе­бінен еліміздің стационарларында жоспарлы түрде 434,3 мыңнан астам пациент ем алды. Бұған МӘМС жүйесіне барлық стационарлық көмекті қаржыландыру көлемінің 51,2%-ы бағытталған.

«Медициналық ұйымдарда 376 мың ота жасалды. Жоспарлы емдеуге жат­қызуды 10 күн күтетін пациенттердің саны 42%-ға (13,2 мыңнан 11,4 мың пациентке дейін) қысқарды», деді ӘМСҚ басшысы.

Б.Төкежанов сондай-ақ Қордың ме­ди­ци­налық оңалтуды дамытуды, оның ішінде амбулаториялық деңгейде дамытуды ынталандыруды жалғастырып отырғанын айтты. Осы қызметтер бойынша Өнім берушілер саны 20 есеге, 64-тен 618-ге дейін өсті, ал көрсетілген қыз­мет­тер­ді қаржыландыру көлемі 22 млрд теңгеден асты.