Қоғам • 17 Қыркүйек, 2021

Бағдарламаға 451 мыңнан астам адам қатысты

135 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 451,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 328,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 200,7 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.

Бағдарламаға 451 мыңнан астам адам қатысты

Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі бас­па­­сөз қызметінің хабарлауынша, бағдарламаның бірінші ба­ғы­ты аясында қысқа мерзімді курстарға 15,2 мың адам жі­бе­ріл­­ді. 5,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті мик­ро­кре­диттер, ал 20,2 мыңы қай­та­рым­сыз мемлекеттік гранттар алды. Субсидияланатын жұ­мыс орын­дарына 155,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орын­­дарына – 16,6 мың адам; жас­тар практикасына – 21,4 мың адам; қоғамдық жұ­мыс­тар­ға 117,4 мың адам тартылды. Еңбек ре­сурс­тарының ұт­қырлығы шең­бе­рінде 1 342 отба­сы немесе 4 571 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 952 адам еңбекке қабі­летті жаста. Олардың ішінде 1 329 адам жаңа тұрғылықты же­рінде тұ­рақ­ты жұмысқа орна­лас­ты­рыл­ды және 111 адам кә­сіп­кер­лік қызметпен айналысады, 5 адам оқуға жіберілді.

Еске сала кетейік, 2020 жы­лы «Еңбек» мемлекеттік бағ­дар­ламасына 649 мың адам қа­тыс­ты. 437,3 мың адам жұ­мыс­қа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурс­та­рының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.