Футбол • 07 Қазан, 2021

Талғат Байсуфинов таңдауын жасады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов алдағы күндері өтетін 2022 жылғы әлемдік доданың іріктеу сайыстарында төменде есімдері аталған ойыншыларға сенім артты, деп жазады Egemen.kz.

Талғат Байсуфинов таңдауын жасады

Қақпашылар – Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Мұхамеджан Сейсен.

Қорғаушылар – Александр Марочкин, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Әлібек Қасым, Сағадат Тұрсынбай, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Мақсат Тәйкенов, Дмитрий Шомко.

Жартылай қорғаушылар – Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Рамазан Оразов, Бахтиер Зайнутдинов, Сұлтанбек Астанов.

Шабуылшылар – Оралхан Өміртаев, Айбар Жақсылықов, Алексей Щеткин және Роман Муртазаев.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы екі бәсекені де жерлестеріміз «Астана Аренада» өткізеді. 9-қазанда біздің жігіттер Босния мен Герцеговинаны қабылдаса, 12-қазанда Финляндиямен күш сынасады.