Қазақстандағы Ресейдің Мәдениет күндері аясында Ұлттық музейде «Вологда шілтері» атты көрме ашылды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі ұйымдастырған іс-шараның ашылуына Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Ольга Ярилова қатысты.

Жиын барысында Нұрғиса Дәуешов екі мемлекет арасындағы мәдени қарым-қатынастың тамыры тереңде екенін, кейінгі жылдары пандемияға қарамастан, ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ 2004 жылы Мәскеуде Абай Құнанбайұлының, ал елордада Александр Пушкиннің ескерткіші ашылғанын айтты.
Ольга Ярилова Мәдениет күндері аясындағы іс-шаралар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға бастайтын жол екенін жеткізіп, екі тарапты көне мәдени мұралар мен ұлттық құндылықтарды сақтауға үлес қосуға шақырды.
Айта кетейік, «Вологда шілтері» көрмесінің мақсаты – орыс халқының сәндік-қолданбалы өнерін, табиғаты мен дәстүрін, тарихын айқындап көрсету. Көрмеге қатысушылар орыс халқының мәдениетімен танысып, көрмеге қойылған түрлі туындыларды көре алады. Сонымен қатар Н.Веселова, М.Пальникова, А.Ракчеев сынды қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан орыс халқының ұлттық киімдері ұсынылған. Көрме 17 қазанға дейін жалғасады.
Бұдан бөлек апталық аясында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге ресейлік жетекші орындаушылардың қатысуымен Гала-концерт өтті.
Аталған іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Ольга Ярилова, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин қатысты.
«Қазақстандағы Ресей Мәдениеті күндері аясында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен жетекші ресейлік орындаушылардың өнер көрсетуі биыл еліміздегі жарқын оқиғалардың бірі болары анық. Бүгінде мәдениет пен руханият екі ел арасындағы достықтың артуының тұғыры іспеттес болып отыр. Мәдени байланыстар біздің достастығымыздың басты ынталандырушы күші. Мәдени байланыстардың дамуының тарихи процесінде, олардың пайда болуынан бастап дамыған заманауи формаларға дейін, сөзсіз үлкен өзара әсер етеді», деді министр.
Өз кезегінде Ольга Ярилова осы аптада өтетін іс-шаралар екі ел арасындағы қарым-қатынасты, әсіресе мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетінін айтты. Сонымен қатар екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты дамыту мен нығайту жолында бірлесіп іс-шаралар өткізуге дайын екендігін жеткізді.
Гала-концерттің дирижері – Солтүстік Осетия Республикасының еңбек сіңірген әртісі Заурбек Гугкаев болды. Іс-шарада Анна Аглатова (сопрано), Владислав Куприянов (баритон), Владимир Магомадов (контратенор), Константин Емельянов (фортепиано), Александр Рамм (виолончель), Гайк Казазян (скрипка), Анастасия Тюрина (балалайка), ал елімізден «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев (тенор) пен халықаралық байқаулардың лауреаты Татьяна Вицинская (меццо-сопрано) өнер көрсетті. Көрермен назарына орыс композиторларының операларынан белгілі ариялар, романстар мен заманауи авторлардың шығармалары ұсынылды.
Айта кетейік, Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттырып, дәстүрлі ынтымақтастықты нығайтуға арналған.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар