Саясат • 21 Қазан, 2021

Ел қорғанысын нығайтудағы жаңа тәсілдер мен міндеттер

728 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан көршілес елдермен берік достық қарым-қатынас орнатып, әлемнің жетекші державаларымен сенімді әріптестікті реттеді. Бұл ретте жауынгерлік қабілеті жоғары қуатты армия ел қауіпсіздігінің маңызды кепілді қорғаны екені анық.

Ел қорғанысын нығайтудағы  жаңа тәсілдер мен міндеттер

Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, халқының ұлттық мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуға тиіс. Мұның бәрін ел басшылығы келешекте армияны дамытуды жоспарлау кезінде ұдайы ескеріп отырады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев он ұлт­тық жобаны бекітті. Осы тізбеге «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы да кірді. Аталған жоба бағытының бірі – «Қарулы Күштерді жаңғырту».

Ұлттық жобаны іске асыру қа­ру мен оқ-дәрілерді сақтау қауіп­сіздігін, отандық қорғаныс өнер­кәсібі кешені кәсіпорындарында қару-жарақтың тәжірибелік үл­гі­лерін шығаруды, сондай-ақ әске­ри объектілерді жетілдіруді қам­та­масыз етеді.

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­­денті – Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы Назарбаев Қауіпсіздік Кеңе­сінің кезекті отырысында қазір­гі заман болмысында әскери құрылыста және Қарулы Күш­тер­дің келбетін айқындауда жаңа тәсіл­дерді әзірлеу қажет екенін атап өтті. Асим­мет­рия­лы және гибридті сын-қа­терге той­тарыс беруге дайын бо­лу, әскери про­цесті басқаруда жаңа технологияны енгізу және автоматтандыру – осының барлығы бүгінде ерекше маңызды болып отыр.

Әскери басқаруды орталық­тан­дыру, автоматтандырылған бас­қару жүйелерін өрістету, сон­дай-ақ мем­лекеттік орган­дардың ақпа­рат­тық жүйе­лерін интеграциялау үшін қабыл­да­на­тын іс-шаралар мүдделі ве­дом­ство­лардың өкілдерімен талқы­ланды.

Қарулы Күштерде ақпа­рат­­тан­дыру және ақпараттық-ком­му­ни­ка­циялық технология құрал­дарын пай­далану ауқымын кеңей­ту, әскери ғы­лымды дамыту және ғылыми-экс­пе­рименттік базаны жетілдіру мәсе­лелеріне жеке назар аударылады.

Бұл ретте сыни тұрғыда ойлауға және шешім қабылдауға қабілетті, қазіргі заманғы үлгідегі техникамен және қару-жарақпен жұмыс істей алатын кадрларды даярлау мәселесі де өзекті бо­лып отыр. Осы жұмысты күшейту мақсатында Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы елдері­нің және алыс шетелдердің ғылым-білім беру мекемелерімен байланысты кеңейту маңызды.

Біз әлемдегі әскери-саяси ахуал­дың өзгеруіне куә болып отыр­мыз. Одан әрі қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатердің бар екенін ай­­қын көрсетеді. Қарулы Күштер үз­дік қазіргі заманғы әскери стан­дарт­тарға сәйкес болуға тиіс. Осы мақсатта әскери қауіпсіздік са­ла­­сында нормативтік құжаттар бе­кі­тілді. Қазақстан Президенті – Жо­ғарғы Бас қолбасшы 2021 жылғы та­мыз­да Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құра­лым­дар­­дың құрылысы мен даму тұжы­рым­­дамасын бекітті. Оны іске асыру мем­лекеттің қорғаныс қабіле­тін арт­тыруға, әскери қауіп­сіздік­ке төнетін қазіргі заман­ғы сын-қа­терге барабар ден қоюға және бейбіт уа­қыт­тың мін­деттерін тиімді орындауға мүм­кіндік береді.

 

Мұрат БЕКТАНОВ,

Қорғаныс министрі,

генерал-лейтенант