19 Ақпан, 2014

Директордың орынбасары тұтқындалды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің экономика және қаржы жөніндегі директорының орынбасары Серік Әшімбаев лауазымды қызметін асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес «билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану немесе биліктің әрекетсіздігі» бойын­ша айып тағылды. Әскери соттың баспасөз қызметі ха­бар­лағандай, шекара қызметі директорының орынбасарын ҰҚК қызметкерлері құ­рықтаған. Бұдан бұрын Бас әскери прокурор Ерғали Мер­задинов С.Әшімбаевқа мемлекет қаржысынан 300 млн. теңге жымқырды деген күдік келтіріліп отырғанын мәлім­деген болатын. С.Әшімбаевтің үстінен қоз­ғал­ған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын Бас әскери прокуратураның арнайы прокуроры жүргізетіні белгілі болды.