19 Ақпан, 2014

Қарда қаза тапты

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаңтар айында облыс орталығын­дағы Жұмысшы кентінде орналасқан тұрғын үйді «тілсіз жау» жалмап, салдарынан бір отбасының мүшелері түгел опат болған еді. Жантәсілім еткендердің екеуі – бала. Осы бір қайғылы оқиғаның ізі суымай жатып, кезекті төтенше жағдай Ғ. Мүсірепов ауданында орын алды. Ставрополка ауылының үш бала­қайы Есіл өзені жағасында сырғанақ теуіп жүріп, мерт болды. Олардың кешіккенінен сезіктенген ата-аналар дабыл қағып, суыт іздестіру барысында 12-16 жастағы жасөспірімдердің жансыз денелері табылған. Алдын ала болжамға сәйкес балалар жар шетінде алаңсыз асыр салып жүрген кезде ауыр салмақтан опырылып түскен қар көшкінінің астында қалып, тұншығып өлгенге ұқсайды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.