Бокс • 01 Қараша, 2021

ӘЧ: Бүгін қазақтың алты боксшысы рингке көтеріледі

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Белград төрінде өтіп жатқан әлем чемпионатының 1\8 финалдық кезеңінің жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ: Бүгін қазақтың алты боксшысы рингке көтеріледі

Жарыс күнінде ел намысын қорғап жатқан алты боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі. Күндізгі сессияда 57 кило салмақтағы Серік Теміржанов үнді жігіті Рохит Мормен кездессе (шайқас шамамен 18:15-те басталмақ), 67 кило салмақтағы Абылайхан Жүсіпов польшалық Дамиан Дуркачпен қолғап түйістіреді. Бұдан соң 75 кило салмақтағы үмітіміз Нұрқанат Райс рингке шығады. Оның қарсыласы – ауғанстандық Сүлейман Аслами (бұл кездесулер 19:30-20:00 аралығында өтеді).

Кешкі сессияда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 51 килограмм салмақтағы жампозымыз Сәкен Бибосынов үнді оғланы Дипакпен, 63,5 кило салмақтағы Санатәлі Төлтаев украиналық Денис Песоцкиймен, 80 кило салмақтағы Нұрбек Оралбай венгриялық Пал Ковачпен қолғап түйістіреді. Бұл кездесулер 23:00, 00:45 және 01:15-те өтеді деп жоспарланған.