Қазақстан • 01 Қараша, 2021

Жұртшылықты жұмылдыратын ұлттық жобалар

1007 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Осы жылдың 7 қазанында Президент 10 ұлттық жобаның тізбесін бекіткені белгілі. Олар ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданды. Бұл ретте ұлттық жобалар жобалық тәсілмен іске асырылмақ. Ондағы негізгі қағидаттардың қатарында нәтижеге бағдарлану, оған қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік таныту бар. Бұған қоса жобаларды іске асыруға барлық мүдделі тараптарды тарту көзделген.

Осы жылдың 7 қазанында Президент 10 ұлттық жобаның тізбесін бекіткені белгілі. Олар ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданды. Бұл ретте ұлттық жобалар жобалық тәсілмен іске асырылмақ. Ондағы негізгі қағидаттардың қатарында нәтижеге бағдарлану, оған қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік таныту бар. Бұған қоса жобаларды іске асыруға барлық мүдделі тараптарды тарту көзделген.

Жұртшылықты жұмылдыратын  ұлттық жобалар

Ұлттық экономика министрлігі жо­ба­лық басқару саясаты депар­та­ментінің директоры Илона Шварц­копфтың айтуынша, ұлттық жобаларды іске асыру үшін Үкімет алғаш рет мемлекеттік бас­қа­рудың жо­балық-желілік моделін енгі­зуде. Енді мемлекеттік органдар са­рапшылар мен жұртшылық өкіл­дерінің тікелей қатысуымен бірлескен кросс-функционалдық жобалау командаларын қалыптастырады. Бұл – за­манауи тех­но­логияларға негізделген жаңа ұйым­дас­тырушылық мәдениет пен мем­лекеттік басқарудың жобалық-желілік моделі.

– Жобалық басқаруды енгізу Мем­лекет басшысының өткен жылдың қаңтар айында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта мем­ле­кеттік органдардың 44 жобалық кеңсе­сінен тұратын жобалық басқарудың бір­ыңғай экожүйесін қалыптастыру аяқ­талуда. Ұлттық жобаларды іске асыру мониторингі бойынша кеңсе құрылып, жұмысқа кірісті. Жобалық басқарудың нормативтік және құқықтық базасы бекі­тілді. Ол жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын және мемлекеттік орган­дардың жобалық басқарудың үлгілік рег­ламентін қамтиды. Бұл құжаттар мем­лекеттік басқарудың үш деңгейінде – үкімет, мемлекеттік органдар және жо­балық топтар деңгейінде портфельдерді, бағдарламалар мен жобаларды басқару жө­нін­дегі мемлекеттік аппараттың қызме­тін реттейді. Әрбір ұлттық жоба бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары деңгейінде куратор және министрлер дең­гейінде Ұлттық жобалардың басшылары белгіленді, – деді департамент директоры.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар ұлттық жобалардың әрбір көр­сет­кішін тиісті салалар мен өңір­лерге бөлу бойынша жұмыс жүр­гізуде. Бұдан бөлек салада, өңірде, аудан­да, ауылдық округте әрбір де­ком­по­зи­цияланған көрсеткішке қол жеткізу үшін қажетті жобалар пулы анықталмақ.

Барлық жобалау қызметі ақпарат­тық жүйеде жүзеге асырылады. Бұл әрбір міндеттің орындалуын бақы­лауды ғана емес, әрбір жоба бойынша қаражаттың жұмсалуына жедел мониторингті де қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында жобаларды іске асыру барысын мониторингілеу үшін қоғамдық топтар қалыптастыру көзделген. Қазақстандықтар ұлттық жобаларды іске асыруға белсене қатысады деген сенім бар.

Бұл ретте осы жылдың ақпанын­да ұлттық жобалардың жүзеге асы­­рылуына мониторинг жүр­гізу офисі құрылғанын атап өткен жөн. Ол кезде ұлттық жобалар­ды қабыл­дау, әзірлеу және талқылауға дайын­дық жұмыстары жүргізілді. Берік нор­мативтік база құрылды және Ұлт­­тық экономика министрлігі жоба­­лық басқару жөніндегі уәкілетті орган ретінде тиісті үлгілік регламентті қа­был­дады. Бұл құжаттарда ұлттық жобалардың қалай іске асырылатыны жан-жақты сипатталған.

Ұлттық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу офисінің басшысы Арман Евниевтің айтуынша, қазақстандық сарапшылар халықаралық тәжірибені ескере отырып, ЭЫДҰ елдерінде, атап айт­қан­да, Ұлыбритания, АҚШ, Ауст­ра­лия, Канада мемлекеттерінде қол­да­ны­латын үздік тәжірибелерді бейімдеу арқылы бірегей жобалық-желілік тәсілді әзірледі.

– Мұның бәрі зерделеніп, мем­лекеттік секторға бейімделді. Осының негізінде жеке жауапкершілік, нақты мақ­саттар, индикаторлар, апта сайын­ғы спринттер, яғни сегменттер не­гізінде құрылған жұмыстың айқын ыр­ғағы жатыр. Біз барлық КРІ-ды де­ком­позициялағанда нақты жоба­ларға шығамыз және әрбір жобаға кес­те­ге сәйкес қажетті қолдау алуға, өз мін­деттері мен проблемаларын эс­кала­­циялауға мүмкіндік бере­міз. Ең бас­тысы, барлық жобалық тәсіл қо­ғам­­ның ұлттық жобаларды мони­то­рин­гілеуге, бақылауға тікелей қаты­суын қарастырады, – деді Арман Евниев.

Оның айтуынша, әрбір ұлттық жоба салалар мен өңірлер бо­йын­ша бөлшектеп байланыстыратын бағдарлама болып саналады. Сон­дықтан әрбір қоғам белсендісі, әрбір сарапшы өзінің мүмкіндіктеріне, мүдделеріне қарай қоғамдық мони­торингтің мүшесі болуға, ақпарат­тық жүйелерге қолжетімділік алуға және мониторингке, талқылауға, КРІ түзетуге не бюджет сомасына, шығыс­тарға, міндеттерді орындауға және кез келген ауытқуларға қатысуға мүмкіндігі бар.

– Бұл – шынайы мүмкіндік. Мұ­ның бәрі Үкіметтің осы қаулысында және типтік ережеде көрсетілген. Бар­шаңызды онымен танысуға және осы жұмысқа қатысуға шақырамыз. Жақын арада жұмыс істеуге, осы жұмысқа және қоғамдық ұйымдарға қатысуға дайын кез келген бастамашыл топтарға үн қосуға дайынбыз. Мемлекет басшысы Ұлттық жобалар ауқымы бойынша ғана емес, іске асыру форматы бойынша да ұлттық жобаларға айналуы үшін осындай міндет қойды. Біз оны жобалық-желі­лік модель деп атаймыз, – деді ол.

Арман Евниевтің пікірінше, жоба­лық басқару жылына мемлекеттік бюджетті 1 трлн теңгеге дейін үнем­деуге мүмкіндік береді.