Бокс •

Санатәлі Төлтаев Шотландия боксшысынан жеңілді

1 мин
оқу үшін

Белград рингтеріндегі тартысты жекпе-жектер толастаған жоқ. Шаршы алаңға 63,5 кило салмақ дәрежесіндегі сайыпқырандар көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санатәлі Төлтаев Шотландия боксшысынан жеңілді

Бұл салмақта Қазақстан атынан бақ сынаған Санатәлі Төлтаев шотландиялық Риз Линчпен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы барын салып бақты. Алайда төрешілер шотландиялықты жеңімпаз деп тапты.

Соңғы жаңалықтар