Қоғам • 05 Қараша, 2021

Темекі шегу мезгілсіз өлімге себеп болады

795 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ғалымдардың пікірінше, түтінсіз никотин өнімдері темекі шегумен байланысты аурулардан болатын өлім-жітімді күрт төмендетуге көмектесе алады, ал ол қазір жыл сайын 8 миллионға жетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Темекі шегу мезгілсіз өлімге себеп болады

Әлемнің түрлі елдерінен темекі шегуге қарсы жүз танымал ғалымдар мен сарапшылар конвенцияға қатысушы елдерге және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына зиянды азайту тұжырымдамасын енгізуге және түтінсіз никотин өнімдерін темекі шегуге қарсы күрестің бір бөлігіне айналдыруға бұрын-соңды болмаған үндеумен жүгінді.

«Бұл бастама темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік Конвенция (ТКНК) тараптары Конференциясының 9-кеңесі қарсаңында пайда болды», деп жазады Courier Mail.

ДДСҰ және ТКНК-ға үндеуі бар хатқа атап айтқанда, Ұлыбритания үкіметінің бұрынғы кеңесшісі және Imperial College London профессоры Дэвид Натт, Сounterfactual Consulting - темекі шегуге қарсы күрес жөніндегі жетекші британдық ұйымның директоры Клайв Бейтс, сондай-ақ University Colle London және King's College (Ұлыбритания), Yale University және New York University (АҚШ), Medical University of Vienna (Австрия), University of Geneva (Швейцария), University of Queensland (Австралия), University of Ottawa (Канада) және басқа да көптеген оқу және ғылым мекемелері қол қойды.

«Біз ТКНК тараптарына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік Конвенцияға оның қағидаларын енгізе отырып, темекі шегуден болатын зиянды азайту стратегиясын қолдауға және ілгерілетуге шақырамыз»,  делінген сарапшылардың мәлімдемесінде.

Олар соңғы онжылдықта темекіні жандырмайтын және түтін шығармайтын инновациялық никотин өнімдері жасалғанын атап өтті.

«Дәл осы темекі мен темекіні жандыратын басқа да темекі өнімдері, бүкіл әлемде никотинді қолданудан болатын көптеген өлім үшін жауапкершілікті алып жүреді. Түтінсіз никотин өнімдері – электронды темекілер, ішуге арналған никотин патчалары, электронды қыздыруға арналған темекі өнімдері темекі шегуден болатын зиянды азайтудың перспективалы жолын ашады», деп хатқа қол қойған сарапшылар сенім білдірді.

Сарапшылар түтінсіз баламалардың артықшылықтары мен қауіптері әлі де зерттелетінін алға тартады. 

«Түтінсіз никотин өнімдері темекіге қарағанда зияны әлдеқайда аз екендігі туралы сенімді ғылыми дәлелдер бар. Бірақ, соған қарамастан, ДДСҰ және әлемнің бірқатар елдерінің үкіметтері түтінсіз баламаларға қатысты негізсіз қатаң және консервативті саясат жүргізуді жалғастыруда»,  дейді сарапшылар.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі шегумен байланысты миллиондаған өлімнің алдын алуға көмектесе алатын стратегияны қабылдамайды. ДДСҰ темекі нарығын түрлендіру және темекі өнімдерін пайдалану қаупін азайту әлеуетін елемейді»,  деп жазады хат авторлары.

Courier Mail мәліметтері бойынша, ДДСҰ-ның барлық күш-жігеріне қарамастан, әлемде 1 миллиардтан астам адам темекі шегуді жалғастыруда, сонымен қатар соңғы онжылдықтарда темекі шегушілердің саны өскен. Әлемде жыл сайын темекі шегумен байланысты аурулардың салдарынан 8 миллионға жуық адам қайтыс болады.

Қазақстанда 2,4 миллион темекі шегуші бар, бірақ темекі шегуден болатын зиянды азайту бойынша түтінсіз өнімдердің әлеуеті де ескерілмейді, ал балама өнімдер бойынша заңнама күшейтіліп келеді. 2018 жылғы мәліметтер бойынша, темекі шегу 20 900 адамның мезгілсіз өліміне себеп болған.

Хат авторлары бұл тәсілді сынға алып, ДДСҰ мен ТКНК-ға темекі шегуден болатын зиянды азайту стратегиясын енгізу бойынша алты ұсыным ұсынады. Атап айтқанда, темекіден келетін зиянды азайтуды денсаулық сақтау саласындағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жаһандық стратегияның, ең алдымен, инфекциялық емес аурулармен күрестің құрамдас бөлігі ету ұсынылды.