Ауа райы • 08 Қараша, 2021

Ертең еліміздің төрт облысында жел күшейеді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең еліміздегі 4 облысында жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең еліміздің төрт облысында жел күшейеді

9 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с болуы ықтимал. Петропавлда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

9 қараша Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қарашада таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда ертең таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Синоптиктердің ескертуінше, ертең Алакөл маңында жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.