Экономика • 10 Қараша, 2021

Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себептерін түсіндірді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайдың қымбаттауына қарамастан, теңге бағамының әлсіреуі жалғасып келеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себептерін түсіндірді

«Мұнай бағасының бір баррель үшін 84,4 АҚШ долларына дейін 7,5%-ке өсуіне қарамастан, экономикалық белсенділіктің қалпына келуі мен фискалдық серпіннің жалғасуымен қатар ұлттық валюта бір айда бір АҚШ доллары үшін 427,15 теңгеге дейін 0,3%-ке әлсіреді», деді Е. Досаев Үкімет отырысында.

Бизнес пен халық тарапынан сұраныстың өсуі аясында Ресей тауарларының импорты биылғы 2-тоқсанда жылдық мәнде 1-тоқсандағы 2,4%-тен 36,1%-ке дейін ұлғайды. Бұл қазанда теңге бағамының бір рубль үшін 6,5 теңгеге дейін немесе 3,4%-ке әлсіреуіне алып келді.

«Сонымен қатар, базалық ставканың өсуі теңгедегі борыштық құралдардың тартымдылығын сақтайды, оған бейрезиденттердің қазанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдарының 863 млрд теңгеге дейін 75 млрд теңгеге өсуі дәлел болады. Шетелдік инвесторлар тарапынан шетел валютасының қосымша ұсынысы нарықтың өтімділігін жақсартуға және сұранысты ішінара қанағаттандыруға ықпал етеді», деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, импорттың өсуі аясында валютаға орнықты сұраныс, оның шектеулі ұсынысы және сыртқы нарықтардағы құбылмалылығы теңге бағамына қысым жасауды жалғастырады.