Кәсіпқой бокс • 10 Қараша, 2021

Данияр Елеусінов әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өзінің кезекті жекпе-жекке дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Данияр Елеусінов әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады

«18 желтоқсан күні Елорда төрінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде IBO және IBF Inter-Continental белбеулері үшін шаршы алаңға шығамын. Бокс кешін тамашалап, бізбен бірге болыңыздар», деп жазды ол өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бокс кешінде Даниярдан бөлек аса ауыр салмақтағы Иван Дычко да рингке көтеріледі. Саңлақтарымыздың қарсыластары алдағы күндері анықталады.