Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, халық арасында газель аталып кеткен автокөліктерге салынатын көлік салығы қазіргідей қозғалтқыш көлеміне емес, жүк көтергіштігіне байланысты белгіленген мөлшерлемелер бойынша төленеді. Норма шамамен 96 мың көлікке әсер етеді. Ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан қайта есептеледі.
«Заңды тұлғалардың 2021 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 5 шілдесінде аяқталды. Ал жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 2022 жылдың 31 наурызында аяқталады. Сондықтан салық төлеген көлік иелері үшін оны қайта есептеу қажет. 2021 жылдың салығын төлеп қойғандарға салықты қайта есептеу қалай ұйымдастырылады?», деп сұрады депутат Мәжілістің жалпы отырысында.