Кино • 11 Қараша, 2021

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

773 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы «Шет тіліндегі үздік фильм» санатындағы «Оскар» киножүлдесіне ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды. Бұл қылмысқа барған жас Кермек пен жолдан адасқан қыз Еваның махаббат тарихы, ерлі-зайыптылардың арасындағы қиындықтар мен олардың дұшпандық әлемге қарсы тұруы.

Кермектің рөлін ресейлік актер Азамат Нигманов ойнады, көрермен оны Алексей Мизгиревтің «Конвой» және Андрей Шальопаның «28 панфиловшылар» фильмдерінен таниды.

Еваның рөлін жас қазақстандық актриса Камилла Нұғманова ойнады, ол бұрын Нариман Төребаевтың «Үлкен қаланың балшығы» және Әлішер Сүлейменовтың «Шатырдағы бұлт» фильмдерінде ойнаған.

Оскар номинанттары тізімін жариялау 2022 жылдың 8 ақпанында, ал марапаттау рәсімі 2022 жылдың 27 наурызында өтеді.