Қаржы • 12 Қараша, 2021

Биржадағы белсенділік артып келеді

138 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазан айында Астана халықаралық қаржы орталығының биржасындағы (Astana International Exchange – AIX) сауда-саттықтың жалпы көлемі 14 349 200 долларды құрады. Көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 30,74 пайызға төмендеген.

Биржадағы белсенділік артып келеді

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Былтырғы көрсет­кіш­тері­мен салыстырғанда бир­жа­дағы белсен­ділік артып келе­ді. 2021 жылдың қаңтар-қазан аралы­ғындағы сауда-саттық көлемі тура бір жыл бұрынғы жағдайға қара­ғанда 3,6 есе ұлғайыпты.

Қазан айының соңындағы жағдай бойынша AIX-тің ресми тізіміне 66 түрлі эмитенттің 111 бағалы қағаз шы­ғарылымы еніп отыр. Оның ішінде 2 ETF (Exchange traded Funds) және 15 ETN (Exchange traded notes) шығарылымдары бар. Биржаның сауда мүшелері – 18 қазақстандық және 11 халықаралық брокер. AIX-тің орталық депозитарийінде инвесторлардың 155 мыңнан астам шоты ашылған.

Қазан айында AIX-тің ресми тізі­міне Kaspi.kz холдингінің қа­ра­­па­йым акциялары енді.

Kaspi.kz-тің сауда-саттыққа жі­бе­ріл­ген ак­ция­ларының жал­пы саны 199 500 000-нің 192 187 223-ін құра­ды. Осылайша, еркін ай­­на­­­лым­дағы финтех-холдингтің қа­ра­­­пайым акцияларының 96 па­йы­­зына дейінгі бөлігін AIX арқы­лы сату­ға болады. Бұл қадам

Kaspi.kz акцияларының өтімділігін арттырады деп күтілуде. Сондай-ақ акционерлерге компанияның қарапайым акцияларын иелену және сату үшін ыңғайлы болмақ.

Сондай-ақ қазан айында AIX-те «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (500 млн доллар) мен Freedom Finance SPC Ltd компаниясының (66 млн доллар) борыштық құралдарының листингі өтті. Қор AIX, KASE (Қазақстан қор биржасы) және LSE (Лондон қор биржасы) биржаларында 2 пайыздық купон мөлшерлемесімен жалпы көлемі 500 млн доллар болатын бесжылдық дебюттік еурооблигацияларды орналастырды. Оның 57 млн доллары AIX арқылы саудаға түспек. Сұраныстың ұсыныстан айтарлықтай асып түсуі мәміле бойынша диапазонды 2,5 пайыздан 2,3 пайызға дейін төмендетуге және тәуелсіз еурооблигацияларға рекордтық төмен спрэд белгілей отырып, 2,25 пайыз мөлшерінде түпкілікті кірістілікті тіркеуге мүмкіндік берді.

Қазан айының соңында AIX-те үлестік құралдар листингі бар компания­лардың («Қазатомөнеркәсіп», Polymetal, «Халық банкі», Ferro-Alloy Resources Limited, «Центркредит банкі», Kaspi.kz, Kcell) жалпы нарықтық капиталдандырылуы 54 млрд доллардан асты.

Өткен айда AIXQI индексі іске қосылған сәттен бастап ең жақсы нәтиже  көрсетті. Индекс мәні 13,8 пайызға, яғни 1 031,61 пункт­тен 1 173,98 пунктке дейін көтеріл­­ді. Индекстің барлық 8 компа­­ния­сы айды жасыл аймақта аяқта­ды. Акциясы өскен компа­ния­­лар­дың көшін «Қазатомөнер­кәсіп» бастады – 35,8 пайыз­ға өсті. Инвесторлардың ком­пания­ға деген сұранысының жоғары­лығы уран нарығындағы қолайлы болжам­дар есебінен сақталып отыр. Оның іргелі перспективалары АҚШ, Қытай, Еуроодақ елдері және Ресей тара­пы­нан атом энергетикасына деген қы­зы­ғу­шылықтың өсуі есебінен жақсарды.

Сонымен қатар тоқсандық есепті­лікті жариялау аясында Kaspi.kz те акцияларының айтарлықтай өсуімен (23,24 пайызға) көзге түсті. Central Asia Metal (11,76 пайызға) және Polymetal (11,52 пайызға) акциялары да өсті. Осылайша, Қытайда энергетикалық дағда­рыс туындатқан түсті металл өндіру­ші­лер котировкаларының қыркүйек­те орын алған жаһандық төмендеуі бұл ком­панияларға аса бір әсер ете қоймады.

AIXQI индексіне кіретін банк секторы компанияларының акциялары да жақсарған. «Центркредит банкі» акциялары 9,93 пайызға, ал «Халық банк» акциялары 5,14 пайызға өсті. «Қазақтелеком» (3,14 пайыз) мен KazTransOil (1,83 пайыз) компаниялары да шамалы өсім көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45