«Еліміздің шығыс, оңтүстік және батыс аймақтарына ауа райы жауын-шашынсыз болатын жоғары қысымды алқап әсер етеді. Республиканың қалған бөлігіндегі ауа райын әлі де циклон жырасы және сонымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Соған байланысты жауын-шашын жауып, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, батысында, солтүстігінде және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі», делінген хабарламада.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында, Алакөл көлдерінің ауданында, таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде жел 15-22 м/с күшейеді. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында шаңды дауыл соғады, Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жел күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде көктайғақ болады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.