Өткен апта аяғында, отандық археология ғылымының негізін қалаған қайраткер ғалым Кемел Ақышевтың жеке заттары және Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Тайпақ ауылы маңынан табылған қола дәуіріне тән көне жәдігерлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейіне табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үлкен ғалым Кемел Ақышевты көпшілік 1970 жылдары Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», яғни сақ көсемінің авторы ретінде таниды. Бұның сыртында, археолог ғалым Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер екенін біле бермейді. Ғалымның майдандағы өмірін көктей шолып айтсақ, К.Ақышұлы соғыс басталған тұста Самархандтағы әскери училишені тәмамдап майданға аттанған. 1943 жылы Донбассты жаудан азат ету шайқасы кезінде ауыр жараланып әскер қатарынан босатылған. 1944 жылы 20 жасар жас жігіт лейтанат шенімен Алматыға оралған. Майдангер ғалым дала жұмысымен қатар, соғыс кезінде қолданған заттарын және Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде берілген құжаттық дүниелерін жеке сақтаған екен. Бұл мұраларды ғалымның жары К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры Марал Хабдуллина апамыз өзі келіп әскери-тарихи музейге тапсырды.
Музей қорына тапсырылған құнды жәдігерлерді жеке-жеке таныстырар болсақ: әйгілі археологтың дала жұмыстары кезінде киіп жүрген қарасұр түсті жеңіл плащ-шекпені, майданда пайдаланған «ТТ» тапаншасы және ғалымға берілген «Ұлы Отан соғысының ардагері» белгісі, 1945 жылы 8 мамыр күні өндірілген «С Днем Победы! От Москвы до Берлина!» және «Майданнан жаңа жылдық жауынгерлік сәлем» атты пошта карточкалары, КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы Істер Халық Комиссары В. М. Молотовтың 1941 жылы 23 маусым күні радио арқылы сөйлеген сөзі басылған «Акмолинская правда» газетінің көшірмесі, сондай-ақ археологтың жеке мүлкі әнші сазгер бір жылы туған құрдасы Б. Окуджава орындаған әндердің күй табағы т.б. дүниелер бар.
Сонымен қатар, әскери-тарихи музей қорына табысталған келесі жәдігерлер Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Тайпақ ауылы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған екен. Атап айтар болсақ, б.з.д. X-VIII ғасырларға тән артефактылер: қоладан жасалған пышақ түрлері, кельт-балта, сонымен қатар кейінгі қола дәуірге жататын сақина тәрізді пышақ, ілгек иінді қисық пышақ, кескіш, қашу, орақ, тоға, қысқыш, жапырақ пішінді жебенің ұштары, найзаның ұшы, ою өрнектелген керамика және қола бұйымдар фрагменті, иінді һәм тұтқасы ілгекті қола пышақ, қола жапсырма мен сақиналар, декорацияланған қола түйме, шегенің қалпақ бастары, белбеу ілгектері, тастан жасалған әшекейлер, әртүрлі еңбек құралдары қатарлы 40-қа жуық жәдігер музейге табысталды.
Бұл мұраларды өткізген тұлға жеке кәсіпкер-меценат Марат Нәбиев. «Жәдігерлерді бірқанша жыл бұрын әуесқой археологтардың қолынан сатып алған едім. Жәдігерлерге ғылыми тұрғыдан сипат берген танымал археолог Марал Қалымжанқызының айтуына қарағанда, бұл бұйымдар бұдан төрт мың жыл бұрын қолданыста болған екен. Бұдан шығатын қорытынды төрт мың жыл бұрын Арқа өңірінде қола өндірісі дамыды деген сөз. Осы құнды бұйымдар менің жеке қорымда емес, аталмыш музейде тұрғаны жөн деген шешімге келіп, заттарды түгелдей тапсырдым», дейді Марат Әскенұлы.
Суреттерде:
- Атақты археолог К.Ақышевтің палщ-шекпені.
- Тайпақ ауылы маңынан табылған қола жәдігерлер.
- Кемел Ақышевтің жеке заттары.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар