Қоғам • 15 Қараша, 2021

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен «Hamkorlik-2021» оқу-жаттығуын өткізеді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның оңтүстігінде орналасқан «Термез» өңірлік полигонында биыл 17-24 қараша аралығында Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтпек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен «Hamkorlik-2021» оқу-жаттығуын өткізеді

Бірлескен маневрлердің мақсаты бірлескен тапсырмаларды шешуде бауырлас екі елдің өзара іс-қимылы мен үйлесімділік деңгейін арттыру болып табылады.

Еліміз тарапынан оқу-жаттығуға 100-ден аса әскери қызметші қатысып, Су-30СМ көпфункционалды жойғыштар буыны, С-295 әскери-көліктік ұшақтар, тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылады.

Қазақстан бөлімшелері орындайтын оқу-жауынгерлік тапсырмаларының қатарына іздеу-барлау операцияларын жүргізу, қарсыластың тәжірибелі жасақтарын жою кезінде жауынгерлік қорғау бөлімшелерінің іс-қимылдарын пысықтау, шабуыл жасап заңсыз қаруланған құралымдарды жою, ұрыс алаңынан жаралылар мен істен шыққан техниканы көшіру кіреді.

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33