Спорт • 18 Қараша, 2021

Оқушылар «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасында бақ сынайды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұзақ үзілістен кейін «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасы жалауын көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушылар «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасында бақ сынайды

7000-нан астам қазақстандық мектеп оқушылары қараша айында басталып, 2022 жылдың маусымына дейін болатын «SportFEST Kazakhstan» ІІІ республикалық спартакиадаға қатысуды әрі қарай жалғастырады.

2020 жылы «SportFEST Kazakhstan» командасы еліміздің Атырау және Жамбыл облыстарында өткен болтын. Олар өз араларында жеңімпаздарды анықтап, финалдық ойындарды күтіп жүр. Алдағы уақытта жарыстар республика бойынша 15 қалада өтеді деп жоспарлануда. 23 қарашада Ақтөбе облысының 8-10 сынып оқушылары «ең спорттық» атағына таласады. «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының іріктеу кезеңіне республиканың 14 облысынан 210 аудан қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиадалық спорт түрлерінің қатарында: шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол, ұлдар арасында футзал, әскери қолданбалы спорт, тоғызқұмалақ ойындары бар.

«SportFEST Kazakhstan» Спартакиадасы еліміздің тек «жасыл» аймақтарында 50 адамнан аспайтын топтарда өткізіледі.