Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында боранда адасқан шопандарды сала мамандары дер кезінде құтқарған. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге зер салсақ, екі шопан боранды күні Тройницкое ауылының тұсындағы қыстаққа атпен аялдаған.
Кері қайтпақ болған олар қиындықпен бетпе-бет келіп тұрғандарын түсініп, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тиісті жерге дер кезінде жетті. Қызметкерлер шопандарды жақын маңдағы ауылға апарды», делінген хабарламада.