Теннис • 26 Қараша, 2021

Қазақстандық қыздар Азия біріншілігінің чемпионы атанды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қыздар құрамасы «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында мәреге жеткен Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық қыздар Азия біріншілігінің чемпионы атанды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Мәдина Рахимнің шәкірттері финалда Үндістан құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Алдымен Эвелина Балаганская кортқа шықты.

Бірінші партияда қарсыласына 2:6 есебімен есе жібергенімен, содан кейін жинала білді – 6:2, 7:5. Екінші кездесуде Ева Корышева матчты қарқынды бастап, бірінші сетте есепті 4:0-ге жеткізді. Келесі геймде қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Қазақстан құрамасының капитаны Мәдина Рахим шәкірттерінің жеңіс үшін бар күштерін жұмсағанын жеткізді. Өкінішке қарай, қазақстандық ұлдар финалда Пәкстан командасынан жеңіліп қалды.

Шешуші бәсекеде жұптық сында Мадияр Тағыбеков пен Ярослав Пшеничный супер тай-брейкте ұтылды – 4:6, 7:6 (7:5), 10:12.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35