Әлем • 04 Желтоқсан, 2021

Ол орыс тілін түсінбейді! Мұғалім мемлекеттік тілді талап еткен оқушыға ренжіді

1373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Киев лицейлерінің бірінде неміс тілі пәнінің мұғалімі оқушының орыс тілін түсінбейтіндігіне ренжіді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол орыс тілін түсінбейді! Мұғалім мемлекеттік тілді талап еткен оқушыға ренжіді

Оқушы мұғалім сабақты орысша түсіндіріп жатқан кезде одан материалды украин тілінде айтып беруді талап еткен. Білім алушы орыс тілін түсінбейтінін жеткізген. Бұл сөз ұстаздың шамына тиген сияқты.

 «Ол орыс тілін түсінбейді! Жетпіс жыл бойы бәрі сол тілде сөйлесті! Енді келіп бәрі қалағанын жасатқысы келеді. Алдымен мәдениетті үйрену керек, түсінесіз бе? Мұғалімге құрметпен қарай біліңіз», депті мұғалім ел басылымдарына берген түсіндірмесінде.

 2019 жылы Украинада «украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы» заң күшіне енген. Соған сәйкес мемлекеттік тіл барлық салада кеңінен қолданылуы тиіс.