Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті өткен президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жасампаз қызметіне жаңа табыстар тіледі.
– Сайлауалды науқан барысында Сіз ұсынған «Жаңа Өзбекстан» стратегиялық бағдарламасында нақты мақсаттар мен міндеттер айқындалған. Халық мемлекеттің қай бағытта дамып келе жатқанын біліп отыруға тиіс. Кезінде мен де «Қазақстан – 2030» Стратегиясын, кейін еліміздің 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын ұсынған едім. Мен мемлекет басшысы лауазымында болған жылдары әрдайым біздің елдеріміз арасындағы екіжақты байланыстарды дамытуға баса мән бердім. Сіз мұны жақсы білесіз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Елбасы бүгін екі ел басшылары қол қойған Одақтастық байланыстар туралы декларацияның маңызына тоқталып, Қазақстан мен Өзбекстан қатынастарының жаңа парағы ашылғанын атап өтті.
– Бізді ортақ тарихымыз, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз байланыстырады. Елдеріміздің арасындағы достық қарым-қатынастың маңызы зор. Ол туындаған мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Өзіңізге мәлім, мен өңіріміздегі бес мемлекетті экономикалық кеңеске біріктіруге тырыстым. Сол үшін Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кеңесін құруды ұсындым. Осы бастаманы қолдағаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде Ш.Мирзиёев Қазақстан барлық жетістіктеріне Тұңғыш Президенттің салиқалы саясатының арқасында қол жеткізгенін айтты. Сонымен қатар Елбасының Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық ынтымақтастық қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан сүбелі үлесіне баса мән берді.
– Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сіз қазіргі қарым-қатынасымыздың негізін қаладыңыз. Елдеріміз арасында әрдайым ашық әрі сенімді байланыс болсын дедіңіз. Соңғы бес жылда осы бағытта серпіліс бар екенін байқап отырмыз. Сізбен бірге жұмыс істей бастаған кезде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 317 миллион доллар болатын, қазір ол 4,5 миллиард доллардан асады. Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен алдымызға бұл көрсеткішті үш-төрт жылда 10 миллиард долларға жеткізу туралы маңызды мақсат қойдық, – деді Өзбекстан Президенті.
Елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:27
Қазақстан елшісіне Жапония Императорының «Күншығыс» ордені табысталды
Қазақстан • Бүгін, 18:02
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:47
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Бүгін, 17:37
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Бүгін, 16:58
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:47
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Бүгін, 16:35
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:27
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Кабулдағы теракт кезінде 21 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:01
Экономика • Бүгін, 15:50
Жойылып кеткен тасманиялық жолбарыс қайта тірілуі мүмкін
Ғылым • Бүгін, 15:16
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады
Президент • Бүгін, 15:05
Президент Сочи қаласына жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 14:59
Қазақстандықтардың цифрлық сауаттылық деңгейі артты
Қазақстан • Бүгін, 14:47
Атырауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:30
Шығыс Қазақстан облысында қар жауды
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 14:00
Қайсар Алпысбай Ислам ойындарында алтын медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 13:21
Кіші Талдыкөлге ағаш отырғызылады
Елорда • Бүгін, 13:01
Балалар жәрмеңкесіне 10 мыңнан астам елордалық барды
Елорда • Бүгін, 12:50
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 12:20
Алжирдегі орман өрті 26 адамның өмірін қиды
Әлем • Бүгін, 12:08
Камералар анықтайды: Елордада жерге түкіргендер жазаланады
Елорда • Бүгін, 11:53
Бүгінгі доллар бағамы белгіленді
Қаржы • Бүгін, 11:39
Мемлекеттік басқару академиясы оқу гранттары иегерлерінің тізімін жариялады
Білім • Бүгін, 11:22
Кеңсе тауарларының бағасы шарықтап барады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жетісу облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Елордадағы жаңа көпірде автобус бағыты іске қосылды
Елорда • Бүгін, 10:53
Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 10:30
Елімізде 622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:17
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 09:28
Вакцина салдырғандар саны артты
Коронавирус • Бүгін, 09:17
1227 қазақстандық індеттен сауықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 1169 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
Ұқсас жаңалықтар