Әлем • 07 Желтоқсан, 2021

274 миллион адам көмекке мұқтаж

363 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлт­­тар Ұйымы дү­­ние жүзінде гу­ма­­­ни­тарлық көмекке деген қажеттілік күрт артып келе жатқанын хабарлады. Ке­ле­сі жылы бұл көрсеткіш ең жоғары де­ң­гей­ге жетпек. Өйткені пандемия, климаттың өзгеруі және қақтығыстар ашаршылық қаупін арттыра түседі.

274 миллион адам көмекке мұқтаж

Біріккен Ұлттар Ұйымының OCHA гуманитар­лық агенттігінің хабарлауынша, мұқтаж 183 миллион адамға көмектесу үшін рекордтық деңгейде 41 миллиард доллар қажет. Бұл сома биылғы кеткен қаражаттан көп.

OCHA басшысы Мартин Гриффитс бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатын­да мұқтаж адамдардың саны соншалық­ты көп болмағанын айтып отыр. «Кли­­мат­­тық дағ­­дарыс әлемдегі ең осал топқа кіре­тін адам­­дарға тікелей әсер етіп отыр. Ұзақ уақыт­­қа созылған қақтығыстар жал­ғасып жа­тыр, әлем­нің бірнеше бөлігінде, атап айт­қанда, Эфиопия, Мьян­ма және Ауған­­стан­да ахуал нашарлады», деді М.Гриффитс.

OCHA жаһандық гуманитарлық шолу есебінде келесі жылы әлем бойын­ша 274 миллион адам шұғыл көмекке мұқ­таж болатынын ескертті. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17 пайызға жоғары.

Құжатта 2022 жылы әрбір 29 адамның біреуі көмекке зәру болатыны айтыл­ған. Осылайша, 2015 жылдан бері бұл көрсеткіш 250 пайызға өскен. Ол кезде әр 95 адамның біреуі көмекке зар еді.

Биыл донорлар 17 миллиард доллардан астам қаржы бөлді. Бұл БҰҰ сұраған соманың жартысына да жетпейді. «Қанша талпынсақ та, 41 миллиард доллар беріл­мейтінін білеміз», дейді М.Гриффитс.

БҰҰ-ның гуманитарлық ұйымының басшысы осы құрылымның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының есептерін келтірді. Құжатта бірқатар елді мекенде 45 миллион адам ашаршылық алдында тұрғаны айтылған.

БҰҰ қазірге дейін Оңтүстік Судандағы жарты миллион адамға әсер еткен аштық­ты тоқтатты. Сондай-ақ Йе­мендегі 10 миллион адамға медициналық көмек көрсетті.

Ауғанстан, Сирия, Йемен, Эфиопия және Судан­дағы дағдарыс ең көп қар­жы­ландыруды қажет етеді. Әсіресе, Ауған­стандағы 24 миллионнан астам адам өмірін сақтап қалу үшін көмекке мұқтаж.