«Ираннан алынған мұнай сот шешіміне сәйкес сатылды. Түсімнің жалпы сомасы 26,7 млн долларды құрады, ол АҚШ-тың терроризм құрбандарына көмек қорына жіберілуі мүмкін», делінген АҚШ Әділет министрлігінің таратқан хабарламасында.
ТАСС хабарлағандай, сатылған мұнай көлемі 1,1 млн баррельді құрады.
АҚШ Әділет министрлігі теңіз операциялары қашан жүргізілгенін хабарламады. Мұнай Венесуэлаға жіберілген төрт танкерден тәркіленгені атап өтілді.