Ауа райы • 13 Желтоқсан, 2021

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол температураның қысқа мерзімге төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді.

Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады – мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды.

Осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады.

Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды жауын-шашын, көктайғақ болжанады», делінген синоптиктер мәліметінде.