Аймақтар • 03 Қаңтар, 2022

Алматыда айна ұрлығының «шебері» ұсталды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда полицейлер автокөлік айналарын ұрлап келген ұрыны ұстады. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда айна ұрлығының «шебері» ұсталды

rustam.abdrakhmanov инстаграм парақшасынан алынды

Қазіргі уақытта мегаполистің 31 жастағы тұрғынының 11 автокөлік айнасын ұрлауға қатысы бар екені анықталды.

Полицейлер оны тұрғылықты жері бойынша жедел-іздестіру шарасы барысында ұстады. Одан шетелдік көліктерден ұрланған айналар тәркіленді. Ер адам түнгі уақытта тұрғын үйлердің аулаларында ұрлық жасаған. Айнаны нарықтық бағадан төмен бағамен сатып келген. Айыпталушы негізінен Toyota, Lexus және Mercedes көліктерінің айнасын ұрлауға дағдыланған.