Жекпе-жек • 19 Қаңтар, 2022

Сехудо екі салмақта чемпион атану үшін оралады – менеджер

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек әлемінде аты белгілі спорт менеджері Али Абдель-Азиз екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Генри Сехудо қайтадан екі салмақта топ жару үшін кәсіби мансабын жандандыруға әзір екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сехудо екі салмақта чемпион атану үшін оралады – менеджер

«Менің болжамым бойынша ол аралас жекпе-жек әлеміне оралады. Жәй оралмайды, UFC-де қайтадан екі салмақта әлем чемпионы атағына қол жеткізеді. Алдымен ол аса жеңіл салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атану үшін сегіз бұрышқа шығады. Бұдан кейін жартылай жеңіл салмақта топ жаратын болады», деді ол өз ойымен бөлісіп.  

2020 жылы ресми түрде кәсіби мансабын аяқтаған Генри Сехудо жақында октагонға оралуға әзір екенін мәлімдеген болатын. Ол тіпті жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Алекс Волкановскиге қарсы октагонға шығуға әзір екенін жеткізген еді.