Қазақстан • 21 Қаңтар, 2022

16 мыңнан астам адам қайырымдылыққа ақша аударды

1321 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салал­ар­ында­ғы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақс­тан­дықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді.

16 мыңнан астам адам қайырымдылыққа ақша аударды

2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында (қоса алғанда) Қоғамдық қорға 16 167 қазақ­стандықтан 29,3 млн теңге түсті. 

75 заңды тұлғадан және ірі кәсіп­кер­лерден 19,2 млрд теңге түсті.

«Қазақстан халқына» қоры арқылы қайы­рымдылыққа елеулі үлес қосқандар:

- «Kaspi Bank» АҚ – 7 млрд теңге;

- «Kaspi Магазин» ЖШС – 3 млрд теңге;

- Halyk Bank («Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ) – 3 млрд теңге;

- «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ –
2 млрд тенге;

- «YDD Corporation» ЖШС, «Asia FerroAlloys» ЖШС және олардың акцио­нер­­лері – 1 млрд теңге;

- «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ЖҚ – 500 млн теңге;

-«LANCASTER GROUP KAZAKHSTAN» АҚ – 500 млн теңге;

- «Қа­зақ мұнай және газ институты» АҚ – 500 млн теңге;

- Абул­газин Данияр Рустэмович – 500 млн теңге;

- «BAZIS CONSTRUCTION» ЖШС –
400 млн теңге;

- «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС – 350 млн теңге;

- Султангазин Алмас Умирзакович – 200 млн теңге;

- «Каратас Майнинг» ЖШС – 100 млн теңге

басқа да заңды және жеке тұлғалар.

Қор басшылығы алынған барлық қаржы қаражатының толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан хал­қы­ның игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың мұқтаж әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қыз­меткерлердің, құқық қорғау және ар­найы орган қызметкерлерінің от­ба­­сыларына, сондай-ақ басқа да қайы­рымдылық мақсаттарға қолдау көр­се­те­ді.

Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, меценаттар мен немқұрайлы емес азаматтар «Қазақстан халқына» ҚҚ шотына мына деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады:

- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;

- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ;

- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ0896503F0010863168 KZT, «ForteBank» АҚ;

- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ34821AGLBY10000001 KZT, «Bank RBK» АҚ;

- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ66998BTB0001436729 KZT, «First Heartland Jusan Bank» АҚ;

- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18,KZ078562203115118091 KZT, «Банк ЦентрКредит» АҚ;

- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18,KZ6594805KZT22034070 KZT,  «Еуразиялық банк» АҚ.

 

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры