Әдебиет • 08 Ақпан, 2022

Шыңғыс хан

512 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қан кешкен қарт тарихтың жүрегінен төгіліп түскен осынау жауһар дүние өз шалқарына батырып ала жөнелді. Дарқан даланы даңқ-дақпыртымен тербеген баһадүр бабамыздың асқақ тұрпаты, болмысы мен ерлік қиссасы – ұлт тарихының тамырлы тармағы емес пе?! Оның рухы қаншама жанның кеудесінде лапылдап жанды екен?!

 

Шыңғыс хан

Кейде бізге қордалы қа­зақ тарихының бір парасы Шыңғыс ханмен бірге жерленгендей көрінеді. Бейіті қай белдің қойнында қалға­ны Құдайға аян! Белгілі су­рет­ші Мақсұт Жақановтың «Шыңғыс ­хан – әлемді дүр сіл­кіндіруші» картинасына қа­рап, ескі заманмен еншілес есті оқиғалар еске түсті.

Қараңызшы, Шыңғыс хан алқаракөк аспанда созы­лып жатқан түнерген бұлт пен дала пейзажы фонында бейнелен­ген. Бұлттардың арасынан шыққан күн сәулесі құла дала мен Шыңғыс ханның жылжып келе жатқан орасан зор әскеріне жарық түсіруде. Қолбасшы отырған кейіпте берілген. Терісі импасато тех­никасымен жасалған ма­ла­қайы көрерменнің наза­рын өзіне тартады. Алтын түсті терінің ар жағындағы көлеңкеге Шыңғыс ханның қату жүзі жасырынған. Ол еріндерін жымқырып, назарын алысқа қадауда. Үлкен ой үстінде алабұртады. Суретші кенептің бос жерлеріне хрис­­тиан храмының, қытай паго­дасының, еуропалық қа­ла үйлерінің төбелерін орналастырған. Ханның қа­сында жабайы аңнан гөрі үй жануарына көбірек ұқсайтын қасқыр жатыр.

Қасқыр демекші, қыл­қалам шеберлері өз кейіп­ке­рінің қандай да бір қасие­тіне назар аударту үшін символ ретінде аңды пайда­ланады. Қасқыр – ежелгі моң­ғолдардың тотемі санал­ған. Моңғол аңыздарына сай, қасқыр – бұл көк хайуаны және олжа әкелуші. Көш­пенді моңғолдар өздеріне орасан зор империя құруға кө­мектескен ұрыс тактикасын қас­қырларды бақылай отырып жасағанын айтады.

Картинадағы түс символикасы да үлкен мәнге ие. Суретші картинаны екі бө­лікке бөлген. Алдымен Шың­ғыс ­ханның тұлғасын қы­зыл түспен ерекшелеп, содан соң көк түсті суық бояу­лар­мен шектеулі пейзаж жаз­ған. Жалпы, қызыл түсті көбі қан­мен және отпен бай­ла­ныс­тырады. Қызыл бояу – жа­лын­даған алауды, сол сияқ­ты билікті әрі айбын­дылық­ты білдіреді. Ал көк түс – ас­­панды және мәңгілікті меңзейді