Медицина • 09 Ақпан, 2022

Дәрі-дәрмекпен демегендер

185 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы бойынша қаңтар айында антипиретикалық және вирусқа қарсы дәрі-дәрмекке деген сұраныс күрт артқан еді. Тіпті айдың екінші онкүндігінде «жаман тұмау» жұқтырған 3 мыңға жуық адам тіркелді. Мұның өзі өңірде коронавирус инфекциясының күш ала түскенін көрсеткен еді.

Дәрі-дәрмекпен демегендер

Дегенмен қазіргі уақытта жағдай біршама тұрақталды, індет­тің беті қайтты. Меди­ци­налық препараттарға байла­ныс­ты дүрлігу жоқ. Бұл тура­сын­да Қарағанды облысы бо­йын­ша медициналық және фар­мацевтикалық бақылау депар­таментінің басшысы Ольга Смирнова сенімді түрде мәлім­де­ді. Маманның айтуынша, бү­гінде штаттық режімде 555 жеке дәріхана, 26 қойма, 46 әлеу­мет­тік дәріхана және 9 жылжымалы пункт жұмыс істеп тұр. Ме­дициналық препарат жа­ғы­нан да ешқандай мәселе жоқ. О.Смирнова айтқандай, облыста пандемия басталғаннан бері күн сайын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға мониторинг жүргізіліп келеді. Яғни бұл – эпидемиялық ахуал толықтай бақылауда деген сөз.

Жоғарыда айтылған сөз­дер­­дің растығын Қараған­ды­дағы фармацевтика қой­ма­ларының бас­шылары да қуат­тайды. Мысалы, ме­­ди­­ци­на­лық препарат­тарды кө­терме баға бойынша сатумен айналысатын «МАК-ИЛ» дәріхана қоймасының директоры Иван Илюшкин қандай да бір дәрі-дәрмек жоқ болып жатса, оның орнына әлгі препараттың баламасын сатып алуға кеңес береді.

– Біз Қарағанды, оған серіктес қалалар мен Жезқазғандағы 200 дәріханаға дәрі-дәрмек жеткізу қызметімен айналысамыз. Күніне 100-120 тапсырыс түседі. Қазір жұрттың антибиотиктерге және антипиретиктерге деген қажеттілік деңгейінің төмендей түскенін көріп отырмыз. Мұны дәріханалардағы кезек саны бойынша анықтауға болады. Қазір кезек дегеніңіз жоқ. Егер «Терафлю» таппасаңыздар, «Тайлолфен хот» сатып алыңыз­дар немесе парацетамол мен аскорбин қышқылын алыңыз – бәрінің де әсері бірдей болады, – дейді ол.

«Медсервис Плюс» ҚБК филиа­лы­ның басшысы Ерік Сма­йыл­беков те вирусқа қарсы дә­рі-дәр­мекті сатудың шыр­қау шыңы қаңтар айының 20-25-і күндері ара­лығында болғанын, ал қазір жағдайдың тынышталғанын айтады.

Қазіргі таңда жауапты мамандар облыстағы барлық емхана коронавирус инфекциясына қар­сы дәрі-дәрмекпен толықтай қа­м­тамасыз етілгеніне ке­піл­­дік беріп отыр. Бұдан бөлек сол медициналық мекемелер­ге диспансерлік топтағы науқас­тар­ды қамтамасыз ету үшін үш ай бұрын қажетті дәрі-дәрмек беріледі екен. Егер дәрілердің уақтылы берілмеуі туралы мәсе­ле туындаса, тұрғындар нау­қас­тарды қолдау қызметіне неме­се денсаулық сақтау бас­қар­масының call-орталығына, сондай-ақ МФБД-ның сенім теле­­фонына хабарласа алады.

Тағы бір айта кететін жайт, таяуда Қарағандылық дәрілік заттар мен медициналық бұ­йым­­­­дарды өндірушілер мен ө­ткі­­­­зу­ші­лер жасөспірімдер, жас­­­тар және жүкті әйелдер ара­­сында вакциналауды жарнамалау бойынша акция жария­ла­ды. Бұл шараға Қарағанды фар­ма­цевтикалық кешені, «Фар­­мация-2010», «Мед­сер­вис», «Стофарм», «МАК-ИЛ» бас­­тамашы болды. Олар сөз­ден іске көшіп, өз өнім­де­рін егіл­ген­дер­ге тарату үшін вакци­на­лау пункттеріне тегін бере бас­тады.

Бұл игі идеяны облыстың бас­қа да фармацевтикалық ұйым­­да­рының қолдағанын айт­қан ләзім. Мысалы, қалалық алғашқы медициналық-сани­тарлық көмек орталығы база­сындағы вакциналау пунк­тіне қарағандылық «ГросФарм» дезин­фекциялық құ­рал­­да­ры­ның өндірушісі тері ан­ти­сеп­тик­терін, ал «Инкар» фар­ма­цев­­тикалық компа­ния­сы­ның бө­лімшесі меди­ци­на­лық мас­ка­ларды, антисептиктер мен ме­ди­циналық мақсаттағы бұ­йым­дарды жеткізді.

Сонымен қатар вакцина сал­дырғандарды қолдау және кө­тер­­мелеу мақсатында «МАК-ИЛ» дәріхана қоймасы су құюға ар­нал­ған ыдыстар дайындап қой­са, «Медсервис Плюс» компа­ни­ясы дәрумендер, гематоген, лолипоптар және бет­пер­де­лерді екпе алатын бекеттерге таратуды бастап кетті.

Жалпы, Қарағанды облысында вакциналау және ревакциналау жұмыстары кең ауқымда жүргізіліп жатыр.

 

Қарағанды облысы