Тағайындау • 09 Ақпан, 2022

Qazaq kuresi ассоциациясына жаңа президент тағайындалды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Qazaq kuresi ассоциациясы президенті лауазымына Самат Ерғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Qazaq kuresi ассоциациясына жаңа президент тағайындалды

Бұл шешім Qazaq kuresi Ассоциациясы құрылтайшыларының кезекті жалпы жиналысында шығарылды. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев еркін күрестен спорт шебері.

«Ерен еңбегі үшін» медалі, «Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Мемлекет басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.

Сонымен қатар Ассоциацияның бас директоры болып Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы тағайындалды. Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы PhD докторы, Қазақстан Республикасы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.