
Деректерге сенсек, «Барселона» футбол клубының жетекшілері дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысымен келісімшарт жасасуға ниеттенген. Алайда норвегиялық шабуылшыны Мадридтің «Реалы» да өз қатарларынан көргісі келеді. Тіпті, Холландтың өзі де корольдік клубтың сапында доп тепкісі келетінін тұспалдап үлгеріпті. Барлық мүмкін жағдайды ескерген «Барселона» футбол клубының басшылығы Эрлинг Холланд басқа команданы таңдаған жағдайда өз қатарларын «Реал Сосьедад» командасының шабуылшысы Александр Исакпен толықтырмақ.