Елорда • 13 Ақпан, 2022

«Сергек» жаяу жүргіншілер жолындағы ереже бұзушылықты да бақылайды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы «Сергек» камералары ендігәрі жол қозғалысы ережелерін бұзудың тағы бір түрін тіркейтін болады, деп хабарлайды  Egemen.kz Нұр-сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сергек» жаяу жүргіншілер жолындағы ереже бұзушылықты да бақылайды

«Елордадағы 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде «бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту» ережесін бұзғандарды анықтау үшін «Сергек» бейнекамераларына қосымша функция қосылды. Бұл жаңашылдық «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қолға алынған», делінген ақпаратта.